Негізгі бет
Жаңалықтар
12.04.2018
«Қазіргі қазақстандық білім беруде тарих және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістерін дамытудың өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференция
2018 жылдың 10 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Ғылым-2018» онкүндігі аясында Тарих және құқық институтының тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасымен «Қазіргі қазақстандық білім беруде тарих және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістерін дамытудың өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді: Қазақстан тарихын оқыту және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы негізінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», заманауи қазақстандық білім беруді жаңғырту кезеңіндегі тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі, Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндерді оқытудың жаңартылған бағдарламасы, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы тарих ғылымының орны мен рөлі, Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндерді оқытудағы инновациялық және ақпараттық педагогикалық технологиялар, тарих және қоғамдық пәндер қызметтерінің заманауи оқу-әдістемелік нұсқаулығы, тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері, қашықтықтан оқыту технологиясы: тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда оларды қолдану шеберлігі, тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда бағалауға бағдарланған тәсілі, тарих оқулығын құрудың методологиясы.
Абай атындағы ҚазҰПУ жобалау кеңсесінің жетекшісі Саин Борбасов конференция жұмысында бірінші болып «Мемлекет тірегі - руханият» тақырыбында өзінің баяндамасын ұсынды.
Сорбонна-Қазақстан Институтының халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков «Рухани жаңғырудың ұлы мұратының негізі - тарих және қоғамдық ғылымдар» тақырыбындағы баяндамасында тарих және қоғамдық ғылымдардың рухани жаңғырудағы орнын белгіледі.
Алматы облысы «Өрлеу» АҚ филиалы ғылыми-әдістемелік жұмысы жөнінде директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Толқын Ауелгазина «Жаңартылған білім мазмұны аясында Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндерді оқытуда белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдану жолдары» баяндамасында белсенді оқыту әдістерінің маңызын айқындап,конференция жұмысының өзектілігімен таныстырды.
Қ.А. Яссауи атындағы №123 гимназияның тарих пәні мұғалімі т.ғ.к., Гүлжан Рашева өзінің «Рухани жаңғыру: Жаңа бағдарламаның басымдықтары» баяндамасын слайд-шоу арқылы таныстырып өтті. Алматы облысы, Іле ауданының № 38 мектеп гимназиясының мұғалімі Валентина Захарчук «Роль учебника на уроках истории» баяндамасын жасады.
Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жұмахан Нұрманбетқызы «Қазақстан Республикасының жаңғыру жағдайындағы орта мектептегі тарих пәнінің оқытылуы» баяндамасы арқылы конференция жұмысының үлкен маңыздылығын атап көрсетті.
Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Гүлқыз Жусанбаева «Нәтижеге бағытталған тарихи білім беру мәселелері», тарих және қоғамдық пәндерді оқыту кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Джайнакбаева «Компетентностный подход в обучении истории», тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Тимур Даулбаев «Актуальные вопросы развития исторического образования в рамках реализации программы «Цифровой Казахстан», тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, 1 курс докторанты Руслан Сейітқазиев «Қоғамдық пәндерді оқытудағы негізгі қажеттіліктер», Абай атындағы ҚазҰПУ 2 курс магистранті Сәуле Туленбергенова «Специфика применения современных педагогических технологий, методов и средств по воспитанию и формированию толерантности на уроках истории Казахстана», Абай атындағы ҚазҰПУ 1 курс магистранті Игорь Крупко «Концепты, ментальность и дискурс в историко-антропологических исследованиях истории Казахстана» баяндамаларын ұсынды.
Конференцияның жұмысы барысында қазақстандық білім беруде тарих және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістерін дамытудың өзектілігі айқындалып, тыңдармандардың қызығушылығын тудырған ғылыми мақалалар мен баяндамалардың деңгейі жоғары бағаланды.
Конференция жұмысын қорытындылап, құттықтау және алғыс сөздерін Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов және тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жұмахан Нұрманбетқызы білдірді. Конференция жұмысына белсенді қатысқан қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы |