қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.12.2021

COVID-19 туралы қосымша ақпарат

 

COVID-19 коронавирустік жұқпасы - бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирустен туындаған жұқпалы ауру.
Аталған вирустың әсері жөтел, қызу көтерілу, күрделі жағдайларда өкпе қабынуы секілді белгілерімен респираторлық тұмау ауруларының дамуына әкеледі.

ІНДЕТТІҢ ТАРАЛУЫ

Жаңа коронавирус ең алдымен індетті жұқтырған адаммен жақын байланыс орнату, яғни, келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ сілекей тамшылары арқылы тарайды.

КОРОНАВИРУСТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Коронавирус адамның өкпе жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады.


Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аурудың белгілері шамамен 5 күннен кейін біліне бастайды. Кей адамдарда бұл кезең одан ұзақ болуы мүмкін.


БДҰ мәлімдемесі бойынша, инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Өзге де дәрігерлердің анықтамасы бойынша бұл кезең 24 күнге дейін созылуы мүмкін.

 

КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ ҚАЖЕТ?
- Қолды өте жиі 20 секунд бойы сабындап жуу (микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі);
- Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
- Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
- Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
- Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, тойлар мен жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
- Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
- Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
- Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
- Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
- Бөлмені жиі желдетіңіз;
- Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
- Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
- Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
- Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

 

СТУДЕНТТЕР, ПРОФЕССОРЛЫ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Ұсыныстар мен шектеулер:

Барлық қызметкерлер мен білім алушыларға университеттің немесе жатақхананың территориясына кірерде міндетті түрде:
- қолыңызды антисептикпен жиі тазалап тұрыңыз;
- қорғаныс құралдарын қолдану (медициналық бетперделер);
- университет немесе жатақхана территориясына кірерде жылу өлшегіш құралдар арқылы дене қызуын өлшеу;
- адам көп жиналатын қоғамдық орындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
- қол алысып амандасу, сүйісу, құшақтасу секілді физикалық байланыстан бас тартыңыз.

Тұмау, дене қызуының көтерілуі секілді белгілер байқалған жағдайда барлық қызметкерлер мен білім алушылардан:
- үйде қалып, жедел медициналық көмекке 103 жүгінуіңізді;
- ауырған жағдайда Университеттің медициналық қызметіне, басшылығыңызға хабарлауыңызды сұраймыз.

Білім алушыларға, жатақхана тұрғындарына өзін-өзі оқшаулаудың қатаң тәртібін ұстануға кеңес береміз:
- Өз бөлмелеріңізде болыңыз, өзге көршілеріңіздің бөлмесіне баруды шектеңіз;
- бір ғимаратта 4-тен көп адамның жиналуын болдырмаңыз;
- азық-түлік дүкені мен дәріханаға барудан бөлек, жатақхана территориясынан шығуды шектеңіз;
- адам көп шоғырланған орындарға бармаңыз, сондай-ақ, қоғамдық көлік пен такси қолданбаған жөн.
- Жатақханадан тыс жерлерде 1 сағаттан артық уақыт қалмаңыз.

 

Білім беру ұйымында КВИ белгілері анықталған жағдайда іс-әрекеттер алгоритмі