Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
21.04.2018 Жаңа оқулықтар - білім энциклопедиясы
ҚР Президенті Н.Назарбаевтң «Рухани жаңғыру» аясындағы тапсырмаларының бірі - әлемдік білім беру жүйесіндегі 100 оқулықты қазақ тілінде дайындау. Қыруар еңбекті талап ететін осынау жұмыс елдің жоғары білім жүйесіне реформа әкелетіні сөзсіз. Мемлекеттің рухани жаңғыруында ерекше орын алатын осы бағдарламаның алғашқы нәтижелері көрініп, әлемдік білім жүйесінің алғашқы қазақша нұсқалары да шығып үлгерді.
Алғашқы нәтижелерімен танысқан Елбасы: «Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптың таныстырылымына жиналып отырмыз» деген болатын.
Елбасы тапсырмасының елдің жоғары білім саласына үдеріс әкелетіні сөзсіз. Жоғары білім саласында жүрген біздер де соның куәсі болатынымыз анық. Бұл бастама дер кезінде, елдің білім саласына қосылар үлес болмақ. Жаңа дәуірдегі тәуелсіз Қазақстанға әлемдік біліммен сусындаған мамандар керек. Ұлттық университеттер өз бетінше халықаралық білім жүйесіндегі қатынастарды бастап та кеткен. Абай атындағы Қазақ ҰПУ-да ашылған Сорбонна - Қазақстан институты соның айғағындай.
Ал «100 оқулық» бағдарламасы - мемлекетік деңгейде ел жоғары білімін халықаралық деңгейге шығару. Жаңа, әлемдік деңгейдегі оқулықтар арқылы сапалы біліммен қаруланған жастар ертеңгі күні елді алға сүйрер білікті маман болары сөзсіз. Осы себепті де «100 оқулық» - Елбасы бағдарламасындағы мемлекеттің рухани жаңғыруының сүбелі бөлігі.
Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда, «жаңа оқулықтар - білімнің нағыз энциклопедиясы».
Авторы: Жанатбек Ішпекбаев Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры, саяси ғылымының кандидаты, профессор 21.04.2018 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz
|