қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.01.2014

                                        Жолдаудан туындаған міндеттер талқыланды
    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халықына арналған Жолдауын талқылауға байланысты жиын болып өтті. Оған университеттің профессор-оқытушылары, студентері мен магистрантары қатысты.
  Жиналысты ашқан университеттің ректоры, педагогика ғылымдардың докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев Жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Қазақстан халқы мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларын жыл сайын зор ынтамен, үкілі үмітпен күтіп отырады,- деді ректор С.Ж. Пірәлиев. Өйткені әр жылғы Жолдаудың өз ерекшеліктері, алдыға қойған айқын мақсаттары болады. Әрбір Қазақстан азаматы осы мақсат-міндеттерден ел болашағын бағамдайды. Осыдан бір жыл бұрынғы Жолдауында Елбасымыз еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еткен еді. Оның басты мақсаты 2050 жылға дейінгі Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі болатын. Президентіміздің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аталатын биылғы Жолдауы өткен жылғы Жолдауды жүзеге асырудың нақтылы бағдарламасы іспетті.
    Бұдан кейін профессор С.Ж.Пірәлиев Жолдаудағы басты бағыттарға тоқталды. «Жолдау: білім және ғылым мәселелері» тақырыбында баяандама жасаған М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығының жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы, профессор Гүлшат Рамазанқызы Нурымбетова Елбасы Жолдауындағы көтерілген өзекті мәселелердің бірі білім мен ғылым мәселелері екенін атап көрсетті. Елбасы ұлттық білім жүйесін құруды ұсынып отыр. Бұл дегеніміз білім беру саласын халықаралық стандарттарға сәйкестендіре отырып, әлемдік иновациялық технологияларды кеңінен игеру, білім сапасын барынша жақсартумен бірге білім беруде өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді қалыптастыру екенін айтты баяандамашы.
   Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА короспондент- мүшесі Раушанбек Боранбаевич Абсаттаров Жолдаудағы негізгі бағыттарға тоқталып, оның әрқайсысына терең талдау жасады.
   Халықаралық құқық кафедрасының меңгеруші, заң ғылымдардының докторы, профессор Айнур Әлімханқызы Сәбитова «Жолдау талаптарына сәйкес ұлттық білім беруді жаңарту және оны сапалық деңгейге көтеру» тақырыбында баяандама жасады. Профессорлар Марат Алмасайұлы Нұриев, Жәмила Ыдырысқызы Намазбаева, Хорлан Қабікенова өз ойларымен бөлісті. Магистратура және phd докторантура институтының магистранты Венера Қалиева «Елбасы Жолдауындағы патриотизм мен тіл мәселесінің жастарға ықпалы» магистрант Саят Ибраимов «Мәңгілік ел» - жастар аманаты» тақырыптарында ой толғады.
     Жиналыс соңында ректор Серік Жайлауұлы Пірәлиев Президент Жолдауын насихаттау және мұндағы тапсырмаларды жүзеге асыру жөнінде университеттің құрылымдық бөлімдеріне нақты міндеттер жүктеді.

 

Мырзахан Ахметов,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Ақпарат орталығының жетекшісі