Біз туралы | Главная /
Мұқатаева Жазира Сағатбекқызы
Мұқатаева Жазира Сағатбекқызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ Мұқатаева Жазира Сағатбекқызы, ұлты қазақ, 1974 жылы Қарағанды облысында туылған. 1991 жылы орта мектепті бітіріп, Абай атындағы ҚазПИ-дің жаратылыстану-география факультетіне оқуға түсті. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің химия-биология мамандығын үздік бітірді. 1997-2000 жж. химия кафедрасының аспирантурасында күндізгі бөлімінде оқыды. 2006 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
2001-2005 жылдар аралығында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының «Физика және химия» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2006 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ «Химия» кафедрасында аға оқытушы болып жұмысқа орналасты. 2008 -2019 жж. аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2020 жылдан бастап Химия кафедрасының меңгерушісі.
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриат: «Жалпы химия»; «Химиялық экология».
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Отандық және шетелдік басылымдарда 100-ден астам ғылыми мақалалар жарияланған, оның ішінде 4 мақала импакт-факторы бар журналдарда жарияланған: 1. Accumulation of Heavy Metals in Soil and Cultivated Crops //Journal of Environmental Accounting and Management 9(4) (2021) P. 391-402; 2. Determination of the chemical composition of tea by modern physic-chemical methods: a review//International Journal of Biology and Chemistry.- 2018. - 11, №1, P. 142-152.; 3. IR-Spectroscopic Studies of Bituminous Sands of the Zhyly-Oi Deposit//Key Engineering Materials, Vol. 899 (2021), P. 368-375; 4. ThermogravimetricАnalysis of Different Bitumens //Key Engineering Materials Vol. 899 (2021), P. 376-380).
Республикалық, халықаралық деңгейде орындалатын жобалар: 1. Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетімен № Г22МС-021 «Подготовка будущих учителей естественнонаучных дисциплин к реализации вопросов социогуманитарной безопасности человека и общества при организации образовательного процесса» халықаралық жобасын орындаушысы (сайт БРФФИ https://fond.bas-net.by/itogi_konkurs_.html Международные конкурсы, наука МС). 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша «PISA зерттеулеріне сәйкес мектеп оқушыларының функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері» тақырыбында жоба жұмысының орындаушысы.
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ Типік бағдарламалардың авторы (4 бағдарлама). 1. ҚР БҒМ грифімен 1 оқулық (Mukatayeva Zh.S. Chemical ecology: Textbook/ Almaty: Association of higher educational institutions of Kazakhstan , 2016 - 308p.). 2. ОӘБ РОӘК грифімен 2 оқулық (1. Мукатаева Ж.С. Химиялық экология: Оқулық /Абай атындағы ҚазҰПУ, 2020. - 305б. 2. Мукатаева Ж.С. Химиялық экология: Оқулық /Алматы:ЭСПИ, 2022. - 384б.). 3. Оқу үдерісінде қолданылатын 2 оқу-әдістемелік құралы («Химиялық экология практикумы» (6 б.т.), «Табиғи және ағызынды сулар химиясы» (8 б.) жарық көрген.
МАРАПАТТАРЫ 1. Абай атындағы ҚазҰПУ «Үздік ұстаз» медалі, 2015. 2. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған мерейтойлық медалі, 2018. 3. ҚР БҒМ Құрмет грамотасы, 2018 жыл.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|