Негізгі бет /
Хабарландыру
19.01.2022 Білім алушыны бір жоғары оқудан екіншісіне ауыстыру тәртібі
Білім алушыны басқа ЖОО-ға ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1. Басқа ЖОО-ға ауысқысы келетін білім алушы ректордың атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді және мөрмен бекітілген ауысуға жазбаша келісім алып, оны таңдаған ЖОО-ның басшысына жүгінеді.
Білім алушыны басқа ЖОО-дан ауыстыру рәсімі
1. Басқа ЖОО-нан ауысып келгісі келген білім алушылар ректордың атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді.
2. Сонымен қатар өз ЖОО-ның келісім өтініші, транскрипт, ҰБТ куәлігінің көшірмесі, аттестаттың көшірмесі қоса тіркеледі.
3. Өтініш негізінде бұйрық шығарылады, бұйрық негізінде сұраныс хат жіберіледі.
4. Ауыстыру рәсімі 23.01.2022ж. дейін. Тиісті құжаттар тізімі: Транскрипт, ҰБТ куәлігінің көшірмесі (педагогикалық мамандыққа 75 балдан жоғары, педагогикалық емес мамандыққа 70 балдан жоғары болуы тиіс) , жеке куәлігінің көшірмесі, аттестаттың көшірмесі.
|