қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының 2014-2015 оқу жылындағы атқарылған тәрбие жұмысының

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

 

Жалпы бағыт

Студенттер арасында тәрбие жұмысы әр бағытта жүргізіледі. Тәрбие жұмысы жоспарын орындауда оқу топтарының  куратор- эдвайзерлері үлкен көмек көрсетеді:

Студенттерді таныстыру

§   Жаңа логин мен пароль алу  үшін жаңа «ИКС» жүйемен студенттерді таныстыру,

§   Студенттерді кредиттік технология  бойынша оқумен таныстыру

§   Студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімін талқылау, қадағалау,

§   Үлгерімі нашар студенттермен жұмыс жүргізу,

§   Студенттерге болашақ мансапты таңдау сұрақтары бойынша студенттерге көмектесу,

§   Ғылыми-зерттеу бағыттарын анықтау,

§   Ғылыми жетекшілерін таңдау,

§   Бітіру жұмысы тақырыбын таңдау,

§   Факультеттегі қоғамдық іс-шараларына қатысу: жиналыс,сенбілік,

§   Нашақор, темекі шегу, маскүнемдіктің алдын алу шараларын ұйымдастыру,

§   Студенттердің конференцияға, ғылыми семинарларға, олимпиадаларға, конкурстарға қатысу,

§   Университет,факультет,кафедра қоғамдық іс-шараларға қатысу,

§   Жатақханада кафедра күндерінде кезекшілік.

Эдвайзерлердің іс шаралары

         Аға оқытушы, Сақыпбекова М. жетекшілігімен жүйелі түрде жыл сайын  «Информатика» мамандығының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа ЖОО-на жіберіліп отырады.

          «Информатика» мамандығы бойынша тәрбие жұмысы мен эдвайзер жұмысы ретінде кафедраның  оқытушылары Шаяхметова Асем Абділдаева Асел жүйелі түрде студенттерді жыл сайын өтетін Республикалық олимпиадаға дайындайды.