Негізгі бет
Жаңалықтар
02.05.2018 «90 жылдыққа - 9 асу» туристік треккинг
Табиғат аясындағы жаяу жорық қазіргі күні кең танымалдылыққа ие экологиялық туризмнің белсенді түрі. Өткен жылдың мәліметі бойынша «Просвещенец» - «Көкжайлау» бағыттары бойынша демалыс күндері 700-ге жуық адам Алматы шатқалындағы асуларға көтеріліп, қала тұрғындарының жаяу жорыққа деген қызығушылығы арттуда.
Университетіміздің ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен жастарымызды белсенді туризмге барынша тарту, қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға тәрбиелеу мақсатында 2018 жылдың 29 сәуірі күні «90 жылдыққа - 9 асу» туристік треккингтің алғашқы жаяу жорығы ұйымдастырылды.
Треккингтің ашылу салтанатында сөз сөйлеген университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев барша қатысушыларға шараның жүргізілу тәртібімен таныстырып, алғашқы жорықтарына сәттілік тіледі.
Одан әрі сөз алған треккингтің бас нұсқаушысы, Жаратылыстану және география институтының доценті Қайрат Омаров жорық барысында қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті.
Трекинг барысында әр сенбі күні Алатау шатқалдарында орналасқан 9 іргелі асуларға 6-7 сағаттық уақытты жаяу жорықтар жасау жоспарланған.
Жаяу жорық бағыттары: - Көкжайлау асуы; - Кім-Асар шатқалы; - Алмарасан бұлағы; - Күйгенсай ыстық бұлағы; - Альпинистер бұлағы; - Үлкен Алматы көлі; - Юнатов көлі; - Мохнатка; - Баспалдақ.
«90 жылдыққа - 9 асу» туристік треккингінің алғашқы жорығына университетіміздің 84 белсенді студент қатысып, Көкжайлау асуын бағындырды. Экологиялық туризмнің бұл түрі жастарымызға сергектік, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шыдамдылық пен төзімділікке үйретуге өз септігін тигізетіні хақ.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент
|