Бос лауазымның атауы:
|
Ғылым департаментінің Ғылымиметрия және ғылыми басылымдар орталығының жетекшісі
|
Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:
|
- Университеттің ғылыми журналдарының ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін бақылау және үйлестіру, оларды ҚР БҒМ БҒССҚК ғылыми қызметінің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу;
- Ғылыми журналдардың веб-сайтын әзірлеу және толықтыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Университеттің ғылыми журналдарын ҚР БҒМ БҒССҚК ғылыми қызметінің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне (бұдан әрі-басылымдар тізбесі)енгізу бойынша жұмыс;
- Университеттің ғылыми журналдарын CrossRef-ке қосу үшін мақалаларға арналған DOI нөмірлерін алу туралы шартқа қол қою және ұзарту;
- Университеттің ғылыми журналдарын Scopus, Web of Science және т.б. жаһандық халықаралық ақпараттық ғылыми деректер қорына ғылыми журналдардың редакциялық алқаларымен бірге жылжыту;
- Scopus, Web of Science және т. б. халықаралық деректер базасында индекстелетін басылымдарда ПОҚ-ның жариялау белсенділігін арттыру.;
- Ғылыми журналдардың редакциялық кеңестерінің жұмысын үйлестіру және дәйексөз алу көрсеткіштері жоғары ғалымдарды редакциялық алқалар мен рецензенттер базасына тартуға жәрдемдесу.
|
Негізгі лауазымдық міндеттері:
|
-Ғылыми журналдарға сараптамалық-талдау мониторингісін жүргізу;
- Университеттің ғылыми басылымдарын БҒССҚК стандарттары және халықаралық стандарттар бойынша, соның ішінде Scopus, Web of Science және т.б. ғылымиметриялық деректер базасы бойынша тексеру;
- Университеттің ғылыми басылымдарын дамыту, жетілдіру және ілгерілету бағыттары бойынша Clarivate Analytics, Springer, Scopus және т. б. компанияларының семинарларын ұйымдастыру;
- Университетті қазақстандық және халықаралық форумдарда, ғылымиметрия және ғылыми ынтымақтастық бойынша қауымдастықтар мен ұйымдарда таныстыру.
|
Іссапарларға шығу:
|
Қажеттілік бар
|
Білімі:
|
Жоғары әлеуметтік-гуманитарлық, заң, экономикалық, техникалық білім. Магистр дәрежесінен төмен емес.
|
Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)
|
Кемінде 5 жыл академиялық салада жұмыс тәжірибесінің болуы.
|
Кәсіби құзыреттер:
|
- Мемлекеттік және орыс тілдерінде жоспарлар құру және есептер дайындау;
- Жоспарды орындаудың сараптамалық-талдамалық мониторингін білу;
- Орталық пен ғылым департаментінің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу дағдылары;
- Ғылыми журналдардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру білігі;
- Университеттің ғылыми журналдарының және ғылымиметрияның қызметіне қатысты іскерлік келіссөздер жүргізу дағдылары.
|
Жеке құзыреттер мен қасиеттер:
|
Бастамашылдық, сыни ойлау, мақсаттылық, коммуникабельділік, командада жұмыс істей білу, жаңа жағдайға тез бейімделу қабілеті, жеке мақсаттар мен орталықтағы практикалық қызмет арасындағы тепе-теңдікті сақтау, АКТ-сауаттылық, жауапкершілік.
|
Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)
|
Қазақ - еркін
Орыс - еркін
Ағылшын тілі - В2 деңгейінен төмен емес
Upper-Intermediate
|
Компьютерлік дағдылар:
|
MS Office (Word, Excel, PowerPoint және т.б.) пакетін еркін меңгеру, жұмыста цифрлық технологиялар мен Internet (ZOOM, Google Drive және т. б.) ресурстарын пайдалану.), сайттармен жұмыс.
|
Түйіндемені тапсыру мерзімі:
|
15.06.2022 ж.
|
Байланысушы тұлға:
|
hrteam@abaiuniversity.edu.kz
Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүслімқызы
ж.т.(8727) 2-91-65-29
|