Негізгі бет
Жаңалықтар
05.05.2018 Абай атындағы ҚазҰПУ мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы - тараптармен келісілген іс-шаралар арқылы төтенше жағдайлар қаупін азайту мен олардың зардаптарын төмендетудің тиімді механизмдерін қамтамасыз ету, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған тұрақты мемлекетаралық орган - халықаралық ұйым болып табылады.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен ТЖ және ТАҚТО-ның бірлескен екіжақты ынтымақтастығының негізгі бағыттары: академиялық ынтымақтастықты дамыту (студенттер мен қызметкерлердің тәжірибеден және тағылымдамадан өтуі), арнайы оқыту жаттығулары мен тренингтер арқылы сарапшылар мен мамандарды даярлау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, еріктілер ұйымдарын қалыптастыру және апаттар қаупін азайту саласында тәжірибеден өту мақсатында сарапшылардың деректер базасын құру және жүйелі жаңарту, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, өнімдер мен қызметтерді ұсыну.
Өз кезегінде ТЖ және ТАҚТО директоры Валерий Петров қатысушыларға Орталықтың қызметі, оның мақсаттары, міндеттері мен әлеуеті туралы айтып, авариялардың алдын алу және жою, тәуекелдерді төмендету бағытында бірлескен қызметті жоспарлау және жүзеге асыру арқылы барлық мүдделі ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жеткізді.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |