|
| |
01.02.2022
БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУГЕ ӨТІНІМ
Бос жұмыс орны жабық
Бос лауазымның атауы:
|
Стратегия департаменті Даму стратегиясын сүйемелдеу бөлімінің жетекші сарапшысы
|
Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:
|
- Стратегиялық жоспарлау процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету (стратегияны іске асыру жоспарын орындау мониторингінің қорытындысы бойынша және қажеттілігіне қарай стратегиялық мақсаттарды әзірлеу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау бойынша стратегиялық сессияларды өткізу);
- Университеттің даму стратегиясын әзірлеуге және даму бойынша негізгі стратегиялық құжаттарды қалыптастыруға қатысу;
- Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ету (стратегия аудиті, Стратегия міндеттерін іске асыру жоспары мен университеттің даму жоспарының мониторингі, стратегия процестерінің тұрақты жұмыс істеуі);
- Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде Даму стратегиясының орындалуын бақылау;
- Университеттің Даму стратегиясы бойынша құрылымдық бөлімшелерге консалтингтік қызмет көрсету;
- Стратегияны іске асыру Жоспарын орындаудың сапалы мониторингі және мониторинг қорытындылары бойынша есеп жасау;
- Университеттің әлемдік рейтингтерге (институтционалдық, пәндік, жұмысқа орналасу параметрлері бойынша және т.б.) қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру.
|
Негізгі лауазымдық міндеттері:
|
- Университеттің даму стратегиясын әзірлеуге қатысу:
Стратегия мәтінін дайындау, оған түзетулер енгізу, Стратегия презентациясын дайындау;
- Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру, тиісті қызметтік хаттарды, стратегиялық сессиялар мен отырыстардың хаттамаларын жазу;
- Қабылданған стратегия туралы құрылымдық бөлімшелерді ақпараттандыруды қамтамасыз ету: университет сайтына орналастыру және т. б.;
- Даму стратегиясын іске асыру жоспарын орындау мониторингі, растайтын құжаттарды талдау;
- Халықаралық рейтингтерде (QS, THE, Greenmetric WUR және т. б.) деректер базасына ақпаратты енгізу үшін деректерді жинау және талдау;
- Мониторинг қорытындылары бойынша есептер және бөлімнің атқарған жұмыстары туралы есептер үшін материалдар дайындау;
- Университетті әлемдік рейтингтерде ілгерілетуге белсенді қатысу (институтционалдық, пәндік, жұмысқа орналасу параметрлері бойынша және т. б.);
- Бөлім қызметін ұйымдастыруға белсенді қатысу, Департаменттің, Қоғамның басқару органдарының тапсырмаларын, бұйрықтарының шешімдерін және өкімдерін орындау.
|
Іссапарларға шығу:
|
Қажеттілік бар
|
Білімі:
|
Жоғары әлеуметтік-гуманитарлық, заңгерлік, экономикалық, техникалық білім
Магистр дәрежесінен төмен емес
|
Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа):
|
3 жылдан кем емес, академиялық сала, университет Департаменттерінде, басқармаларында стратегияны әзірлеумен байланысты және әлемдік рейтингтерге қатысатын әкімшілік жұмыс тәжірибесі болуы керек
|
Кәсіби құзыреттері:
|
1. Даму стратегиясын, стратегияны іске асыру жоспарын, университеттің даму жоспарын әзірлеуге қатысу;
2. Университеттің және оқу институттарының стратегиясын, стратегиясын іске асыру жоспарын орындаудың тұрақты мониторингін жүргізу;
3. Стратегиялық сессияларды ұйымдастыру және олар үшін презентациялық материалдарды дайындау;
4. Даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыру бойынша есепті жасау үшін деректерді талдау;
5. Университеттің әлемдік рейтингтерге қатысуы бойынша ұйымдастырушылық және техникалық жұмыстарды жүргізу;
6. Департаменттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу.
|
Тұлғалық құзыреттер және сапа:
|
Жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, ұқыптылық, көшбасшылық, командада және белгісіздік жағдайында жұмыс істей білу, икемділік, бейімділік, уақытты басқару, басқару дағдылары, таныстыру дағдылары, дамыған эмоционалды интеллект, стресске төзімділік.
|
Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (үміткердің меңгеруі тиіс тілдер тізімі):
|
Қазақ тілі - еркін
Орыс тілі - еркін
Ағылшын тілі - Pre-Intermediate төмен емес деңгейде оқу, жазу, түсіну
|
Компьютерлік дағдылары:
|
MS Office (Word, Outlook), Excel, Google Drive/Docs/Meet, ZOOM, PowerPoint, Саnva пакетін еркін меңгеру, әлемдік рэнкингтердің деректер базасымен, құжат айналымымен (құжат айналымымен) жұмыс істей білу.
|
Түйіндемені жіберу мерзімі:
|
9 ақпан 2022 жылға дейін
|
Байланысушы тұлға:
|
hrteam@abaiuniversity.edu.kz
+77017291757
Құлынбаева Бағлан Омарсеитқызы
|
|