қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.11.2011

2011 жылдың 6 желтоқсан күні сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің тарих факультетінің теориялық-қолданбалы саясаттану және әлеуметтану кафедрасы «Тәуелсіз Қазақстанның саяси жаңаруы: тәжірибе және тағылым» тақырыбында, еліміздің белгілі саясаттанушылары мен ғалымдарының: Н.Ерімбетов, А. Власов (Ресей), Д. Сәтпаев, Е. Алияров, Ә. Ғани, К. Сыроежкин, А. Құлсариева, А.Сарым және т.б. қатысуымен дөңгелек үстел өткізеді.
«Дөңгелек үстел» «панельді пікір сайыс» түрінде өтеді, онда Қазақстандық саяси жаңаруының өзекті проблемалары, қоғам трансформациялануының мәселесі, елдегі ланкестік көрініс үрдістері талқыланатын болады.
Осы шара шеңберінде Қазақстандық жетекші саясаттанушылар, тарихшылар мен әлеуметтанушылар Қазақстан Республикасындағы қазіргі саяси жағдайдың тенденциялары, азаматтық қоғамның дамуы, ұлттық сана, саяси мәдениеттің артуы және т.б. мәселелер жөнінде сараптамалар жасайды.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар еліміздегі ланкестік оқиғаларға, саяси-әлеуметтік тұрғыдан баға беруге және бұл құбылысқа қарсы тұрудың жолдары мен мүмкіндіктеріне назар аударады.
«Дөңгелек үстелдің» өткізілу орны: Төле би көшесі, 86 (С.Сейфуллин к-нің қиылысы). Абай атындағы ҚазҰПУ-дың физика-математика факультетінің акт залы. Байланыс тел/ факс 8(727) 293-86-50, 87013098937, E-mail: lyapbai-n@mail.ru