қазақша · русский · english
   

 

Оқу жылының басында кафедрада төмендегідей құжаттар дайындалды және жыл бойы қолданылды:
1. Педагогикалық нұсқаулардың сағат сандары
2. Оқытушылардың жеке жоспарлары
3. Жалпы және арнайы курстар бойынша типтік, жұмыс бағдарламалары
4. Кафедра отырыстарының, жұмыстарының, ҒЗЖ, тәрбие жұмыстарының жоспарлары
5. Студенттерге арналған ғылыми үйірменің жұмыс жоспары
6. Оқытушылардың ашық сабақтарына және лекцияларына өзара сабаққа енуді тіркеу журналы
7. ППҚ, студенттердің конференцияларының, студенттердің курстық жұмыстарын қорғаудың және дипломдық жұмыстарын алдын-ала қорғаудың хаттамаларын жазу журналы
8. Кафедра отырыстарының хаттамалары
9. Ашық сабақтар мен өзара сабаққа енудің кестесі


Кафедра оқытушыларының оқыту жұмыстары жыл бойында кафедра отырысында талқыланып отырды. Оқытушылардың жұмыстарындағы оң сәттер атап өтілді (мысалы, пәнді толығырақ үйренгісі келетін студенттер үшін қосымша сабақтар өткізу).Сондай-ақ, кафедра отырыстарында үлгермеуші студенттермен жұмыс жүргізуге де көп көңіл бөлінді. Қысқы және жазғы сессиялар алдында кафедра оқытушыларының студенттерге консультация өткізу кестесі құрылады. Қажет болған жағдайда (бағдарламадан қалып қою, өткен материалды жақсы түсінбеу немесе бекіту) кафедра оқытушылары қосымша сабақтар өткізеді.


Студенттермен жұмыс жасаудағы жекелеген кемшіліктер кафедра отырысында жан-жақты қаралып, сәйкесінше нәтижелер шығарылды.


Қысқы емтихан сессиясының қорытындысы кафедра отырысында талқыланды.


Студенттердің ағымдық үлгерімін бақылау практикалық сабақтарда тақта маңында сұрау және бақылау жұмыстарын жазғызу түрінде жүзеге асырылды.


ЖОО арналған оқу-әдістемелік құрал


Оқулықтар мен оқу әдістемелік құрал тізімі

 

Мектеп, лицей, колледждермен ынтымақтастық туралы ақпарат