Әлеуметтік -тәрбие қызметі Кафедрада тәрбие жұмысы оқу үдерісімен қатар жүріп отырады. Тәрбие жұмысы: • Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие; • рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие; • ұлттық құндылықтарды дәріптеу; • құқықтық тәрбие; • студенттерге психологиялық көмек көрсету; • студенттердің діни сауаттылықтарын арттыру және экстремизмнің алдын алу; • дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру ; • экономикалық тәрбие; • экологиялық тәрбие; • толеранттық мәдениет пен ұлтаралық келісімге тәрбиелеу бағыттары бойынша жүргізіледі. Тәрбие жұмысы бекітілген жылдық тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізіліп, әрбір оқытушы ректордың бұйрығымен бекітілген тәлімгерлік топтарымен жұмыс жүргізеді.
|