қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.06.2018

«Балдәурен дарыны-2018»

 

2018 жылдың 4-5 маусым күндері «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен дарыны-2018» Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы өтті.

 

Байқаудың негізгі міндеттері мен мақсаттары - зерттеу жұмыстарына, әлеуметтік жобаларға қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;оқушылардың зерттеушілік бағыттағы үлгілі жұмыстарын көрсету және насихаттау, зерттеу және жоба жұмыстарын қорғау арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту;рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы міндеттерді жүзеге асыру, дарынды және қабілетті оқушылардың жетістіктеріне қоғам назарын аударту арқылы патриоттық тәрбие беру.

 

Байқауға жеке және командалық құрамда Қапшағай қаласы, Алматы облысы, Астана, Ақмола облысы, Тараз, Жамбыл облысы, Көкшетау, Өскемен қалаларынан 2-8 сынып оқушылары қатысты.

 

Қатысушылар зерттеу жұмыстары мен жобаларын слайд, макет, сурет, сызбалар арқылы қорғады.

 

Қазылар алқасы құрамында Филология және көптілді білім беру институтынан практикалық тілдер кафедрасының оқытушылары, соның ішінде ф.ғ.к, доцент Зауре Умирзакова, ф.ғ.к., аға оқытушы Зейнеп Османова, магистр, аға оқытушы Гүлмира Амангелдиева, магистр, оқытушы Сәуле Шолтай болып, «Тілдердің үштұғырлығы», «Көркем әдебиет» бағыттар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен мақтау қағаздарымен, ал қазылар алқасы мен ғылыми жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды.

 

«Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Бірлік Баржақсымов қазылар алқасы мен университетіміздің ректоры Такир Балықбаевқа байқауға қолдау көрсеткен үшін алғысын білдірді.

 

         

 

         

 

         

 

        

 

Практикалық тілдер кафедрасы