Халықаралық қызмет Жалпы мәліметтер Механика және қолданбалы физика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Қырғызстан, Украина, Болгария, Россия, Литва, Эстония, Жапония елдерінің ғалымдарымен механика және физика салалары бойынша ғылыми зерттеу және білім беру бағытында тығыз байланыс жасайды. Сонымен қатар кафедра студенттерімен ғылыми зерттеу жұмыстарын әр түрлі үйірмелерде, ғылыми жобаларда бірге атқарады. Кафедра студенттері ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен Қазақстан және жақын шетелдерде өтетін ғылыми конференцияларда баяндама жасап, пәндік олимпиадаларға да қатысады. Академиялық ауысу бағдарламасы 2011-2012 оқу жылында мемлекеттік грантта оқитын «Кәсіптік оқыту» мамандығының 1 студенттері А.Сатылған және А.Есіркеп «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне» 1 семестрге оқуға жіберілді. 2012-2013 оқу жылының үшінші семестрінде мемлекеттік грантта оқитын «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2 студенті А.Сатылған «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына» 1 семестрге оқуға жіберілді
|