қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

Жалпы бағыт

Студенттер арасында тәрбие жұмысы әр бағытта жүргізіледі. Тәрбие жұмысы жоспарын орындауда оқу топтарының  куратор- эдвайзерлері үлкен көмек көрсетеді:

Студенттерді таныстыру

§   Жаңа логин мен пароль алу  үшін жаңа «ИКС» жүйемен студенттерді таныстыру,

§   Студенттерді кредиттік технология  бойынша оқумен таныстыру

§   Студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімін талқылау, қадағалау,

§   Үлгерімі нашар студенттермен жұмыс жүргізу,

§   Студенттерге болашақ мансапты таңдау сұрақтары бойынша студенттерге көмектесу,

§   Ғылыми-зерттеу бағыттарын анықтау,

§   Ғылыми жетекшілерін таңдау,

§   Бітіру жұмысы тақырыбын таңдау,

§   Факультеттегі қоғамдық іс-шараларына қатысу: жиналыс,сенбілік,

§   Нашақор, темекі шегу, маскүнемдіктің алдын алу шараларын ұйымдастыру,

§   Студенттердің конференцияға, ғылыми семинарларға, олимпиадаларға, конкурстарға қатысу,

§   Университет,факультет,кафедра қоғамдық іс-шараларға қатысу,

§   Жатақханада кафедра күндерінде кезекшілік.

Эдвайзерлердің іс шаралары

         Аға оқытушы, т.ғ.к. Ж.Ж.Жұмағалиеваның жетекшілігімен жүйелі түрде жыл сайын  «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа ЖОО-на жіберіліп отырады.

2011-2012 оқу жылында мемлекеттік грантта оқитын «Кәсіптік оқыту» мамандығының 1 студенттері  А.Сатылған және А.Есіркеп «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне» 1 семестрге оқуға жіберілді.

         Оқу барысында студент Есіркеп Ақгүл Республикалық ғылыми конференцияға «Наймандар мен Керейлердің шығу тегі» атты ғылыми баяндамасымен қатысты. Конференцияға қатысқаны үшін оған анықтама қағаз берілген.

         Сонымен қатар Есіркеп Ақгүл және Сатылған Ақылбек  университеттің 55-жылдығына орай атап өтілген «Сейфуллин оқулары -8» Республикалық ғылыми-техникалық конференцияда бөз баяндамаларын жасаған. Оларға қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталған.

         Студенттің екеуі де сессияларын «өте жақсы» деген бағамен жапқан. Оқу нәтижелері:

Есіркеп Ақгүлдің   GPA баллдары  - 3,71

Сатылған Ақылбектің GPA баллдары   - 3,77.

         «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына» оқу барысында Сатылған Ақылбекке ОС «Бота» ұйымының қолдауымен өткізілген «Сәлем бизнес» жобасына қастықаны үшін сертификат берілген.

Сатылған Ақылбектің  GPA баллдары - 3,9.

Ал осы төртінші семестрде мемлекеттік грантта оқитын «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2 және 3 курс студенттері  А.Есіркеп, Есіркеп А., Мейрханова А., Даули Қ., Көшербай М. РМҚК «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына» 1 семестрге оқуға жіберілді. Қазіргі уақытта олар сабақтарын сол жақта оқуда.

«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша тәрбие жұмысы мен эдвайзер жұмысы ретінде кафедраның аға оқытушылары п.ғ.к. Е.М.Байзакова мен т.ғ.к. Ж.Ж.Жұмағалиева, т.ғ.к. Ж.М.Өміржановалар студенттерді жүйелі түрде студенттерді жыл сайын өтетін Республикалық олимпиадаға дайындайды.

2011-2012 оқу жылында «Кәсіптік оқыту» мамандығының 4 студенттері Ф.Турсынова, Г.Избасарова, У.Барманбекова, А.Адильбековалар Әуезов атындағы ОҚМУ-де 2013 жылдың  28-29 наурыз аралығында өткен IV Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды. 

2012-2013 оқу жылында, яғни биыл  «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері 1 курс М.Дүйсенбаев, 2 курс  З.Алтынбекова, А.Сатылған, 3 курса Г.Избасаровалар  Әуезов атындағы ОҚМУ-де 2013 жылдың  28-29 наурыз аралығында өткен V Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысып 3 орынды иелендік. Бізге диплом және ректор С.Пралиевтің атына алғыс хат берілді.