қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.04.2022

«Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби даярлау бөлімінің кеңейтілген талқылауы

 

2022 жылғы 29 сәуірде сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «6D010500 - Дефектология» мамандығы бойынша Гаухар Ибатованың философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Сөйлеу тілі жалпы дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың сөзжасам дағдыларын дамыту» диссертациялық жұмысы «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби даярлау бөлімінің кеңейтілген отырысында талқыланады.

 

Бөлімнің кеңейтілген отырысы оффлайн және онлайн форматта өтеді.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Сатова Акмарал Кулмагамбетовна (Қазақстан, Алматы қаласы), Мария Гжегожевская атындағы Арнайы педагогика академиясының профессоры Ева Мария Кулеша (Польша, Варшава қаласы).

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР - Өмірбекова Құтжан Құдайбергеновна - п.ғ.к., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.03); Махметова Айгерим Амановна - PhD, аға оқытушы «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби даярлау бөлімінің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан (мамандық шифры 010500).

 

ZOOM сілтемесі:

https://zoom.us/j/7236187660?pwd=b3M4cFJxUHFnZnpuU3kyWW8vNzg0QT09#success

 

Конференция идентификаторы: 7236187660

 

Код: 1

 

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі 31, Оқу корпусы №3 (1-қабат, 17-кабинет).