қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2014

СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАДА «МӘҢГІЛІК ҚАЗАҚ ЕЛІ – МЕНІҢ МЕМЛЕКЕТІМ» АТТЫ БІЛІМ ЖАРЫСЫ ӨТТІ.

2014 жылдың 26 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ № 5 жатақханасында т.ғ.д., кафедра меңгерушісі А.Ш. Махаева бастаған академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы ұжымы ұйымдастырған Тарих факультеті, Филология және көптілді білім беру институты, Физика, математика және информатика институты, Құқық және экономика институтының 1-3 курс студенттері арасында 3тілде «Мәңгілік Қазақ елі – менің мемлекетім» атты білім жарысы өтті.     Көпшілік назарына қызықты бағдарлама ұсынылды:

І. «Білімді мыңды жығады». Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде).

ІІ. «Ғалымның хаты өлмейді». Тарихшы-зерттеушілер туралы фото-сауалдар.

ІІІ. «Жер – мемлекеттің негізі». Тарихи-географиялық атауларға анықтама беру.

IV. «Тарихи жылдар да сөйлейді». Хронология бойынша сұрақтар.

V. «Халық тарих толқынында». Қазіргі Қазақстан тарихы бойынша cөзжұмбақ.

Білім жарысының әділ-қазы алқасы болып ҚР ҰҒА академигі М.-А.Х. Асылбек, профессор Ә.Н. Құдайбергенов, профессор Ж. Нұрманбетқызы, доценттер Ж.Ә. Құдайбергенова және Т.Т. Далаева, археолог А.А. Нұржанов тағайындалды. Конкурсты педагогика ғылымдарының магистрі А.Ж. Оспанова мен Тарих факультетінің 1 курс студенті Т.С. Бектұрсынов жүргізді. Төлеу Алмас, Мұхамбеков Төрехан, Мүсалім Шолпан, Сайлаубекова Айнұр, Налдибекова Диана, Төребаев Мұрат, Қырықбаев Ринат, Муратов Берикбол, Рахманова Азиза және т.б.,Қазақстан тарихы бойынша Білім жарысында белсенділік танытқан студенттер мақтау қағазымен марапатталды.