қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.05.2022

Құрметті студенттер!

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қ.Ерғалиевтің 18.04.2022 жылғы №4-14-2/1549-I хатына байланысты Абай атындағы ҚазҰПУ-да аралық және қорытынды аттестаттау дәстүрлі форматта ұйымдастырылуда.

 

Дәстүрлі форматқа көшкенімен де, бақылау және бағалау процесінде цифрлық құрылғыларды және технологиялар қолданылуда. Биыл BYOD (ағылшын тіліндегі Bring Your Own Device - принеси свое устройство) концепциясы негізінде, емтихандарға студенттер өзіне ұнаған құрылғысымен (смартфон немесе ноутбук), университет қабырғасында емтихан кестесінде бекітілген аудиторияда тапсырады. Жоба идеясының авторы п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Исабаева Д.Н. Бұдан басқа техникалық мүмкіндігі төмен студенттер үшін кезекші компьютерлік сыныптар дайындалған.

 

Университетте жазбаша бақылау түрлері де қолданылуда, әсіресе студенттердің сын тұрғысынан ойлауын дамытуға арналған ашық кітап түріндегі емтиханды гуманитарлық мамандық студенттерінің 30% құрайды. Сонымен қатар, жабық кітап емтиханы да прокторингтік жүйе және анитиплагиат програмасымен сүйемелденетін Oqylyq қашықтан оқыту жүйесі көмегімен жүргізілуде. Емтиханның тағы бір бөлігін практикалық және жобалық емтихандар құрайды. Студент арнайы жобаны цифрлық құрығылардың көмегімен таңдап, қорғау күнін Университет қабырғасындағы аудиторияда жүзеге асырады.