«Алаш Үміті» балалар конкурсы басталды
2022 жылдың 12 мамыр - 01 маусым аралығында «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік Одағы ұйымының қолдауымен университет қызметкерлері мен оқытушылар құрамының балаларына арналған 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін күні мен 01-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінің іс-шарасына «Алаш үміті» университет қызметкерлері мен оқытушылары балаларының өлеңді жатқа оқу конкурсы өтеді.
Конкурстың мақсаты - 20 ғасырдың басынан бергі 1938 жылғы Саяси қуғын-сүргін аралығындағы қазақ әдебиетіндегі классикалық ақындардың шығармашылығын тануды жоғарылату, олардың туындыларын білу арқылы ұлттық рухани жадынын нығайтуға, өлең шумақтарының өнегелі сөздерінің тереңіне үңілуге насихаттап тәрбиелеу болмақ.
Қатысушы үміткерлер бейнеролигтерін 12-27 мамыр аралығында 8701 497 9615 ватсап номеріне жолдауы тиіс. Конкурс өнімі жіберген уақытта - өлең тақырыбы мен авторын, қатысушының аты-жөнін, жасын, ата-анасының жұмыс орнын, байланыс телефон номерін көрсетеді.
Конкурстың салтанатты марапаттау рәсімі 2022 жылдың 01 маусымында, конкурс жеңімпаздарының жас ерекшелігіне қарай, 3-6 жастағы мектеп жасына дейінгі балалар мен 7-10 жастағы 1-5 сынып оқушыларынан анықталады. Барлық жүлдегерлер университет ректорының арнайы дипломы және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Жеңімпаз бейнероликтер университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланады.
Ереже
«Рухани Жаңғыру» Жобалық кеңсесі