қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Есенова Мария Ибрашқызы

Есенова Мария Ибрашқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН 

Оңтүстік Қазақстан облысы Байырқұм совхозында дүниеге  келдім. 1965 жылы Н.В.Гоголь атындағы орта мектепті, 1969 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты физика-математика  факультетінің «Математика» мамандығын   үздік  бітірдім.   1969-1971 жылдар   аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Математикалық талдау» кафедрасында стажировкада болдым.

1971-1998 ж.ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының математикалық кафедраларында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқардым. Сонымен қатар, 1986-1995 жылдары аралығында  физика-математика  факультеті деканының орынбасары, ал  2004-2008 жылдар аралығында  дайындық бөлімінің жалпы кафедрасының меңгерүшісі  қызметтерін  атқардым. 1998-1999 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ  білім беру академияның Жоғары білім беру институты Жоғары білім берудің мазмұны мен стандарттары лабораториясында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс жасадым.  1987 жылы «Педагогикалық ЖОО студенттерін оқушылардың оқу-танымдық біліктерін қалыптастыруға дайындаудың ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2003 ж. «Педагогика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. Кейінгі жылдары 2020 жылға дейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің математика кафедрасында профессор міндетін атқарушы қызметін атқардым. 2015 жылы математика кафедрасының мегерүшісі міндетін атқарушы қызметінде болдым.

2020 жылдың қыркүйек айының 14 жұлдызынан бастап Абай атындағы ҚҰПУ Математика, физика және информатика институтының Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасында доцент болып жұмыс істеп жатырмын.

Ғылыми және оқытушылық қызметті қоса атқарып жүрмін.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

Орта мектепте математика мұғалімі

1969

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Педагогика ғылымдарының кандидаты

1987

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.01 - Педагогиканың теориясы мен тарихы

28.10.1987

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриатта: Математикалық анализ, Жоғары математика, Математика экономистер үшін, Математиканы оқыту әдістемесі, Математикалық есептерді шығарудың практикумы, Элементар математика ж.т.б. - қазақ, орыс  тілдерінде оқылады.

Магистратурада: Математиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының технологиялары.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

«Болашақ математика мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік ддайындауын жетілдіру» ғылыми бағытта жұмыс жүргіземін. 155 жарияланымдары бар.

Ғылыми мақалалар: The essence of the concept «Mathematical literacy». - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Хабаршысы №1(61) 2016. - Алматы: «Қыздар университеті»;     Некоторые вопросы подготовки будущих учителей математики к развитию учебных компетенций учащихся / Евразийский Союз Учёных (ЕСУ) №10 (19), 2016. «Актуальные проблемы в современной науке и пути их решения» 24 междунар. конф. 28.04.2016. Москва; Математиканы оқуға үйрену білігінің оқушылардың білім сапасын арттырудағы орны /Вестник КазНИТУ, №3, 2016; Формирование математической грамотности  учащихся.- / Znanstvena misel journal. The journal is registered and published in Slovenia. №7, 2017 (ISSN 3124-1123);     Компоненты  математической грамотности  учащихся / Вестник Казахского национального педагогического университета им. Абая, серия "Физико-математические науки " №2 (58), 2017.   (ISВN 1728-7901);     To the question of forrmation of mathematical literacy of students: / В Материалах международной научно-практ. конф. «Наука, образование и производство в условиях Четвертой промышленной революции». Караганда:  КарГУ. - 2018. (ISBN 978-9965-07-785-2.);     Кәсиби-педагогикалық пәндерді оқытуда синергетиканың идеяларын пайдаланудың теориялық негіздері / V халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы 11-13 қазан, 2018 ж. Материалдары жинағы. - Алматы: Qyzdar universiteti. (ISBN 978-601-224-964-4);     Methodical features of the formation of mathematical literacy  /Bulletin of Kazakh state womens teacher training university №1(77), 2019, 85-89c. (ISBN 978-9965-07-785-2.);     К вопросу формирования  учебных компетенций учащихся основной школы  / Наука и жизнь Казахстана, №6/2,  2020, 177-182 с. (ISBN 978-601-346-007-9.); Подготовка будущих учителей математики к педагогической деятельности в условиях обновленного содержания образования., Цифровая трансформация обучение: Образование, наука, индустрия, Сборник материалов международной научно-практической онлайн конференции. Казнацженпу, Алматы, 25 қазан 2021ж. С. 237-241;

10 сыныпта «Туынды және оның қолданылуы»  тақырыбына технологиялық картаның мазмұнын жобалау., «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп пен жоғары оқу орындарында математика мен физиканы оқытудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы,  25-26 қараша, 2021 ж.

 

Оқулықтар мен  оқу құралдары:

Математикадан типтік есептер шығару  әдістемесі - 1. Оқу құралы. - Алматы: «Қыздар университеті», 2015.- 240 б. (Даулеткулова А.Ө.  ж.т.б. мен авт. бірл.) (ISBN 978-601-224-622-3);

Алгебра и начала анализа. ОГН. 10 класс Учебник Алматы: Мектеп, 2014 - 160с. (в соавт. с Абылкасымовой и др.) (ISBN 978-601-07-0022-2);

Алгебра және анализ бастамалары. ҚГБ. 10-сынып Оқулық Алматы: Мектеп, 2014. - 168б. (в соавт. с Абылкасымовой и др.) (ISBN 978-601-07-0014-7);

Алгебра және анализ бастамалары. ҚГБ. 11сынып. Әдістем. нұсқау мұғалім. үшін.  - Алматы: Мектеп, 2015.-88 б.  (Әбілқасымова А.Е., Жадраева Л.У. мен авт. бірл.); (ISBN 978-601-07-0388-9);

Алгебра и начала анализа. ОГН. 11 класс. Метод. рук-во. Пособие для учителей. - Алматы: Мектеп, 2015. (в соавт. с Абылкасымовой и Жадраевой Л.У.) (ISBN 978-601-07-0526-5);

Математикалық талдау 1. Оқу құралы. - Алматы: ТОО «Лантар Трейд». 2018. - 165 с. (ISBN 978-601-7975-22-7).

 

 


← Кері оралу