қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.04.2014

Шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының «Үндестік: Гете. Лермонтов. Абай…» тақырыбындағы ашық сабағы

 

15.04.2014ж. шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары С.Б.Бегалиева, Д.А.Алиева, Б.С.Балғазина, Г.М.Нурахынова, А.Т.Оңалбаевалар «Үндестік: Гете. Лермонтов. Абай…» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ С.Бегалин атындағы Мемлекеттік Республикалық балалар кітапханасында өтті.

Сабақтың мақсаты – И.В.Гетенің «Қараңғы түнде тау қалқып...» деп аталатын өлеңін оқып-үйрену және оның қазақ және орыс тілдеріне аударылуы. Сабақ қадаммен жүріп өту ұстанымы бойынша автор туралы жалпы мәлімет беруден бастап, шығарманы салғастырмалы түрде талдауға құрылды әрі интербелсенді сипатта болды. Кафедра оқытушылары орыс тілін шет тілімен пәнаралық және интегралды байланыстыруға мүмкін болатындығын көрсетті. Яғни орыс тілін қазақ тілі, қазақ әдебиеті, саз сабағы мен көркем сурет сабақтарымен жан-жақты сабақтастырды. Сабақтың барлық бөлімдерінде жалпы мақсатты біріктіре отырып, шетелдік студенттердің әртүрлі дәуір, мәдениетте өмір сүрген жазушылар өмірбаяны туралы білімін кеңейту, шығарманың жазылу тарихы мен аудармалардың жасалуы; көркем шығармаға тілдік және әдеби талдау жасау сияқты түрлі міндеттер шешілді. Поэтикалық шығармаларды тыңдау түрлі иллюстрациялар мен суреттерді көшіріп түсіріп, көрсету арқылы жүзеге асып отырды, сонымен бірге сазды әуенмен көмкерілді. Сабақтың осындай құрылымы шетелдік дәрісхананың шығарманы белсенді-шығармашылық түрде қабылдауға әсерін тигізді. Шетелдік студенттер баяндамалар оқыды. Әсіресе, Гетенің «Қараңғы түнде тау қалқып...» өлеңін студенттердің вьетнам, корей, қытай сияқты ана тілдеріне өз бетімен аударғаны қызық болды.

Сабақта DААD германиялық қызмет өкілі Доминик Форхёльтер өлеңді түпнұсқа, яғни неміс тілінде оқыды. Соңында көптен бері кафедрамен жемісті еңбек етіп келе жатқан кітапхана қызметкерлері сөз сөйледі. Олар сабақ тақырыбы бойынша жаңа деректерге шолу жасады, сонымен бірге шетелдік студенттерге орыс тілін оқып-үйренуге арналған материалдар ұсынды. Мұндай дәстүрлі емес сабақтар жағымды нәтижесін береді, себебі жай ақпаратты беруде студенттерді әлемдік көркем өнермен біте қайнастырып, сөз өнері мен оқырманды шығармашылық белсенділікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді; шығармашылық өнерге тәнті бола отырып, онымен араласудан нағыз эстетикалық ләззат алуға, педагог пен студенттерді одан әрі ізденгуге, шығармашылық тұрғыдан дамуға жетелейді

 

Шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасы