қазақша · русский · english
   
Кәсіби шетел тілі коммуникация кафедрасы

 

 Аяпова Таңат Таңірбердіқызы
Профессор
Филология ғылымдарының докторы
Жамбыл көшесі, 25
 8-701-344-30-91
ayapova@mail.ru

 

5В011900 ( 050119 ) « Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы  ( оқу мерзімі 4 жыл және жоғары кәсіптік білім үшін 3 жыл, бакалавриат ), шет тілдіерінің теориялық және практикалық мамандарын, сонымен қатар шет тілінің әдістемесін оқытуға мамандар дайындауды көздейді. Жұмыс істейтін студенттер үшін осы мамандықтардың сырттай оқыту формасы да ( оқу мерзімі - 4, 3, 2 жыл ) қарастырылған. 

       Студенттерді дайындау Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде жүргізіледі:

      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 3.08.269-2006050119 (5В0119) - Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша, ҚР Білім және ғылым Министрлігі  23.12.2005 г. №779

      Бакалавриаттың білім бағдарламасын сәтті игерген түлектер өз білімдерін магистратурада педагогика және психология бағытына сәйкес ( 6М011900 ) - «Шет тілі: екі шет тілі » мамандығымен жалғастыруларына мүмкіндіктері бар.

     Оқу үдерісі кезінде шетел тілдерінің теориялық және практикалық, сондай-ақ шетел тілдерінің әдістемелерін оқыту дайындықтарымен бірге студенттер мектептерде оқу және педагогикалық практикаларын өткізе алады.

    Студенттер тәжірибелі профессорлар мен доценттердің жетекшіліктерімен шетел тілдерінің әдістемесін оқыту аясында ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналыса алады.

     Түлектерге 5В011900 ( 050119 ) «Шет тілі: екі шет тілі мамандығының» «бакалавр білімі» академиялық атақ беріледі.

Кафедраның негізгі мақсаты: Шетел тілі мұғалімдерін дайындау.

Міндеттері:

1. Біліктілікті арттыруды ұйымдастыру.

2. Шетел тілінде білім беру әдістемесі аясында ғылыми зерттеу өткізуге қатысу

3. Ғылыми мақалалар дайындау мен жариялау

Жалпы кафедраның жұмысы «шетел тілін оқытудың әлем бойынша қолданатын алдыңғы қатарлы әдістерін қолдана отырып оқу процесін жандандыруға бағытталған». Осы мақсатпен барлық оқытушылар әдістемелік деңгейлерін жақсарту мақсатымен жыл сайын тіл ұстанушылар өткізетін халықаралық семинарларға қатысты, соның нәтижесінде тілдік шеберліктерін ұштады.

2011-2012 оқу жылынан бастап "Шетел тілдері және халықаралық қатынастар" факультетінің ашылуына байланысты кафедра "кәсіби коммуникация және аударма ісі" болып аталады. Кафедраның мақсаты-заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып студенттердің коммуникативтік және кәсіби біліктіліктерін дамыту. Кафедраның негізгі бағыты - "студенттердің лингвистикалық, социолингвистикалық, дискурсивтік, социо-мәдениеттік, әлеуметтік-стратегиялық компоненттерге негізделген шеттілдік  коммуникативтік біліктіліктерін дамыту.

4) білім беру қызметін жүргізуге арналған құқық лицензиясы (номер,  лицензия берілген күні) және оған қосымша;

05011900 (5В0119) - Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша мамандар дайындау:сериясы АА № 0000205, 26.04.2004 ж. берілген№ 361 ҚРБілім және ғылым Мин.мемлекеттік лицензиясы бойынша жүзеге асырылады.

Студенттерді дайындау Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 3.08.269-2006050119 (5В0119) - Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша, ҚР Білім және ғылым Министрлігі  23.12.2005 г. №779

Сапа менеджменті жүйесі енгізілді ИСО 9001:2000, сертификат берілді №:05.334.026  10.11.2005 ж.

9) кафедраның құрылымы туралы ережелер

Кафедра келесі қызметтерді атқарады:

- Кафедраға бекітілген мамандықтар бағытына арналған кәсіптік білім беру бағдарламаларын (КББ) ұйымдастыру мен қалыптастыруды бақылау;

- Әртүрлі бағыттар мен мамандықтар бойынша КББ-ын тарату және ұйымдастыру;

- студенттердің тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

- ПОҚ штатының құрылуы;

- кафера жұмысын, оқу процесін, және ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ететін нормативтік-әдістемелік материалдарды дайындау мен шығаруға жетекшілік ету;

- күнтізбелік оқу графигінің орындалуын, сабақ кестесін, емтихандар мен сынақтардың орындалуын қадағалау;

- үлгерім есебін, студенттердің сабаққа қатысуын, және оның нәтижесін эдвайзерлер арқылы ұйымдастыру;

- студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және қадағалау;

-факультеттің бітіруші студенттерінің жұмысқа орналасуына көмектесуді ұйымдастыру;

- ПОҚ-ның біліктілікті көтеруін қадағалау;

-сапа менеджменті жүйесінің енгізілуі мен қызмет атқаруын ұйымдастыру;

Кафедраның жауапкершілігі қызметкерлер жауапкершілігінің нәтижесінде іске асады. Сонымен бірге әр қызметкердің жауапкершілігі оған берілген міндеттерге байланысты болады.

Кафедрада келесі құжаттар бар:

а) оқу, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, т.б. жұмыс түрлерін қамтитын жұмыс жоспары;

б) кафедра пәндері бойынша оқу-әдістемелік тағы басқа құжаттар;

в) отырыс хаттамалары;

г) сапа менеджменті жүйесінің ішкі нормативті құжаттармен қарастырылған материалдары.

Қайта ұжымдастыру болған жағдайда барлық құжаттар жаңа ұжымға, ал жойылған жағдайда университет архивіне сақтауға беріледі.

Кафедра отырыстарында ай сайын оқытушылардың қызметтік міндеттерін орындау есебі; тәрбие жұмысының жоспары мен есебі, ҒӘЖ есебі, студенттерді қабылдау қорытындысы, оқу-әдістемелік жұмыс есебі, сессия қорытындысы, студенттердің кәсіби практикасын ұйымдастыру және оның қорытындысы т.б мәселелер тыңдалады. Жұмыс-оқу жоспарлары, оқу процесінің графигі т.б. мәселелер қарастырылып, бекітіледі. Жалпылыма алғанда кафедра отырысында қарастырылған мәселелер кафедраның қызметін көрсетеді.

«ЖОО үздік оқытушысы» грант иегері соңғы 3 жылда жоқ.

Халықаралық  академияның  мүшесі - Педагогикалық Білім беру ХҒА  академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Аяпова Т.Т.;

Профессор Исмаил Н.М. 2011ж. ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай  «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен  марапатталса, доцент Аскарова С.А. мақтау қағазына, аға оқытушы Кулекенова Ж.Г.алғыс хатқа ие болды. Аға оқытушы  А.Жалалова  «Факультеттің үздік оқытушы» атағына ие болды.        

Кафедрада барлық оқытушылардың базалық білімі бар.  Өзін-өзі бағалау аралықта ПОҚ құрамының біілм жетілдіруден өтуі 100%   құрайды. 3 -жыл ішінде ПОҚ құрамының білім жетілдіруден өтуі 100% құрайды, оның ішінде: шетелде (білім жетілдіру, халықаралық  алмасу және іссапарлар). 2009-2010 оқу жылында оқытушы Г.Қ. Бекқожанова кандидаттық диссертациялық жұмысын  қорғап, филология  ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 2 оқытушы  магистрлік диссертация қорғады (З.Н.Утегулова, Сайбекова Н.У.) 2010-2011 ж. С.Ж.Абдиназарова магистрлік диссертациялық жұмыстарын  қорғап, дипломдарын  алды. 2010-2011 оқу жылында кафедраның 5-аға оқытушысы (Беккожанова Г.Б.-Испания, Алипова А.Т.-Ұлыбритания), 2010-2012 оқу жылы 4 оқытушы магистрлік диссертация қорғады. (Есимкулова С.С., Жалалова А.М., Ашегова Б.Н., Куанышева Б.К.).

Кәсiби шетел тілдер  коммуникациясы кафедрасында оқу үдерісін ұйымдастыру, ережелері, 2009-2012 оқу жылындағы регламенттерге арналған iшкi нормативтiк және жарлық құжаттары бар.

Мемлекеттiк лицензия негiзiнде - факультетте келесi бағыттар бойынша мамандар дайындайды:

1.050119 - «Шет тiлi: екi шет тiлi »                                                                                   

-  ағылшын-неміс бөлімі

-  ағылшын-француз бөлімі

-  неміс-ағылшын бөлімі

-  қытай-ағылшын бөлімі

-  араб-ағылшын бөлімі

-  түрік-ағылшын  бөлімі

-  парсы-ағылшын бөлімі

Ағылшын тiлiнде сабақ беретін ПОҚ саны 96.5% құрайды. Кафедраның барлық оқытушылары базалық білімі бар, және үш тiлді меңгерген.

Үш жылдың ішінде шет елдерде білімін жетілдірген ПОҚ саны (24% ) (біліктілікті жетілдіру, халықаралық алмасулар, іссапарлар)-7 адам.

Оқу бағдарламаларының жаңа үлгілері, cтуденттер үшiн силлабустар жасалған, лекторлардың оқу құралы дайындалған.

 

Кафедра тарихы