қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.08.2018

Республикалық бірыңғай медиация күні 

 

   

 

2018 жылдың 3 тамызы күні Алматы қаласы Достық үйінің баспасөз залында Республикалық бірыңғай медиация күніне арналған іс-шара өтті. 


Іс-шараға республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы мен Абая атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ҚХА кафедраларының өкілдері, Алматы қалалық және аудандық соттарының, кәсіподақ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Алматы қаласы прокуратура органдарының қызметкерлері, медиация орталықтарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері және басқалар қатысты. 

Іс-шара аясында қалалық және аудандық соттар, прокуратура органдарының, Алматы қаласы ЭМБ өкілдері мен ҚХА құрылымдары өкілдерінің баяндамалары дайындалды. Сонымен бірге, іс-шара барысында, медиациялық көмекті қажет еткен қала тұрғындары, түрлі мәселелер бойынша кеңес алды. 


Баяндаманы Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары - Казбек Мамсуров алғы сөзімен бастап, медиацияның этносаралық дауларды реттеу құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.


Сөз кезегі іс-шара модераторы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының  ғылыми қызметкері - Болысбек Батталхановқа берілді. Болысбек Батталханов іс-шараға келгендерге медиацияның мағынасын, мақсатын және маңыздылғын түсіндіріп, медиативтік келісімдерді жасау мен медиация үрдісінің кезеңдеріне тоқтап айтты. 


Іс-шара барысында баяндамаларын ұсынғандар: «Ахысқа» республикалық түрік этномәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Шахисмаил Асиев, Медеу аудандық сотының судьясы Камчат Умбеталиева, Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев, кәсіби медиатор Ержігіт Сегізбай. Баяндамашылардың барлығы заманауи әлемдегі медиацияның маңыздылығына тоқталып, медиация қызметінің қағидаларын түсіндірді және өз жұмысы аясында медиация үрдісінің ерекшеліктерін атап шықты. 

Баяндамалармен бірге, журналисттер мен БАҚ өкілдеріне арналған медиация бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында медиация үрдісінің БАҚ аясындағы ерекшеліктері түсіндірілді. 


Ары қарай бағдарлама бойынша, еңбек, заң және басқа даулар бойынша кеңесті қажет еткен халықты қабылдау басталды. Қабылдауды Медиацияны дамыту орталығының, прокуратура органдарының, кәсподақтардың және соттардың өкілдері жүргізді. Іс-шара барысында консультациялық көмекті алуға 12 азамат келді. Олардың барлығына еңбек даулары, сот шешімдерін жүзеге асырмау мәселесі, жер қатынастары бойынша даулар, баспаналық даулар мен құқық қорғау органдарына арыздану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Жалпы іс-шараға 150 адам қатысты. Олардың арасында зейнеткерлер, мекемелер қызметкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, студенттер, мүгедектер және басқалара бар.

 

Іс-шара маңызды көмек алған азаматтардың алғыстарымен аяқталды. 

 

    

 

   

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы