қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.08.2018

Қытай және Қазақстан ректорларының ынтымақтастық диалогы

 

2018 жылдың 25-29 шілдесі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов Хуэйчоу провинциясында (ҚХР) білім саласындағы «Қытай-АСЕАН» 11-білім беру апталық алмасу аясында «Қытай-Қазақстан ректорларының ынтымақтастық диалогы» жобасына қатысты. Аталмыш жоба ҚР-дағы ҚХР Бас консулдығының ұйымдастыруымен өтті.

 

Іс-шараның мақсаты - жоғары білім саласында тәжірибемен алмасу, сонымен қатар академиялық және ғылыми ынтымақтастықты АСЕАН елдері, Қытаймен және арнайы шақырылған елдер: Қазақстан, Ресей және Швейцария арасында нығайту.

 

Кездесу барысында университеттердің бірлескен академиялық және ғылыми ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды, магистранттар мен докторанттарға арналған академиялық ұтқырлық, ғылыми тағылымдамалар, екіжақты және магистрлік бағдарламалар бойынша әріптестік ұсыныстар қарастырылды.

 

Кездесу соңында Абай атындағы ҚазҰПУ мен ҚХР-ның университеттері - Nanjing Normal Pedagogical University және School of International Educationin Tianjin Polytechnic University (China) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумда зерттеушілер мен докторанттар арасындағы алмасу, профессорлар мен оқытушылар үшін біліктілікті арттыру, озық даму әдістерін қолдану саласында тәжірибе алмасу, екі жақты бірлескен симпозиумдар, семинарлар мен конференциялар өткізу, өзара қызығушылық танытатын жобалар мен бағдарламаларға қатысуды қарастырады. Болашақта екіжақты келісімге қол қою жоспарланып отыр.

 

    

 

  

 

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы