қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.08.2018

 


Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, студенттер, магистранттар мен докторанттар!


Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі.


Негізгі Заң мемлекеттік құрылысымыздың базалық принциптерін анықтайды, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Көп ұлтты еліміздің достығын нығайтып, қоғамдық келісімді қамтамасыз ете отырып, Конституция Тәуелсіздігіміздің берік іргетасына,Қазақстанның тұрақты дамуына және оның халықаралық беделінің артуына кепіл болады.

Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз - Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасы үшін тыныштық және өркендеу тілеймін!

 

Ізгі тілекпен,
ректор Такир Балықбаев