Бухгалтерлік есеп шоттарында жүзеге асырылған барлық шаруашылық операциялардың көрсетілуіне бақылауды қамтамасыз ету, қоғамның қаржылық жағдайы туралы жедел ақпарат беру, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілік жасау және Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережелері негізінде ұйымдастыруды жүзеге асыруға және бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті:
Келіп түскен ақша қаражатын, тауар-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды толық есепке алу, сондай-ақ бухгалтерлік есепте олардың қозғалысына байланысты операцияларды уақтылы көрсету;
Шығыс сметасының орындалуын, өнімді және басқа да жұмыстарды дұрыс есепке алу, өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының экономикалық негізделген есептік калькуляциясын жасау;
Белгіленген ережелерге сәйкес қоғамның шаруашылық - қаржылық қызметінің нәтижелерін нақты есепке алу;
Бюджетке төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жарналарды дұрыс есептеу және уақтылы аудару, банктерге қарыздар бойынша берешекті белгіленген мерзімде өтеу, қорлар мен резервтерге қаражат аудару;
Бухгалтерлік жазбалардың бастапқы құжаттары негізінде дұрыс бухгалтерлік есептілікті жасау, оны белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну;
Бас бухгалтер - Бастық (БЕжБЕБ) жетіспеушіліктердің пайда болуының және ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық тәртіпті бұзудың алдын алатын іс-шараларды дайындауға белсенді қатысуға міндетті;
Бас бухгалтер-бастыққа заңнамаға және ақша қаражатын, тауар-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдаудың, сақтаудың және жұмсаудың белгіленген тәртібіне қайшы келетін операциялар бойынша құжаттарды орындауға және ресімдеуге қабылдауға тыйым салынады;
Ақша қаражатын және тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау мен беру үшін негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ кредиттік және есеп айырысу міндеттемелеріне Басқарма Төрағасы-Ректор немесе өкілеттіктері берілген адам және бас бухгалтер немесе олар уәкілеттік берген адамдар қол қояды. Бұл адамдарға құжаттарға қол қою құқығын беру Қоғамның бұйрығымен ресімделуі керек;
Жоғарыда көрсетілген құжаттар бас бухгалтердің-бастықтың (БЕжБЕБ) немесе оған уәкілеттік берілген адамдардың қолынсыз жарамсыз деп есептеледі және оларды орындауға қоғамның материалдық жауапты адамдары мен бухгалтериясының қызметкерлері қабылдамауға тиіс.
Қоғам басшылығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын, мүдделер қақтығысын шешу саясатын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ықтимал немесе орын алған бұзушылықтар туралы хабарлау жөніндегі саясатты қолдайды.
|