қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
27.08.2018

Қазақстандағы үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі


Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған маңызды міндеттердің бірі - кемінде екі үниверситетті әлемдік рейтингтерге ендіру. Қазақстанның жоғары оқу орындары жаһандық рейтингтерге белсенді қатысады, олар QS рейтингінде ең табысты нәтижелерге ие. 2017 жылы британдық QS агенттігінің нұсқасы бойынша екі отандық жоғары оқу орны топ-400 ең табысты университеттер қатарына енді.

 

Білім берудің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің деректеріне сәйкес, академиялық статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшыларды бағалау және жұмыс берушілерді сауалнамалау негізінде Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық (бас) рейтингі - 2018 жасалды.

 

Институционалдық рейтингті есептеу әдіснамасы үш құраушыға негізделеді: бірінші құраушы (№ 1 сауалнама) - жоғары оқу орнының академиялық ресурстарын бағалау, оған жалпы баллдар санының 70% бөлінеді; екінші құраушы (№ 2 сауалнама) - бұл жоғары оқу орындары қызметінің сапасын сараптамалық бағалау (15%); үшінші құраушы (№ 3 сауалнама) - бұл жұмыс берушілерге және мемлекеттік органдарға социологиялық сауалнама жүргізу негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау (15%).

 

№ 1 сауалнама - 70 салмақты пайызды қамтитын сауалнама (жоғары оқу орны ала алатын ең жоғары балл- 700 балл); ол жоғары оқу орнының академиялық қызметін көрсетеді. Жоғары оқу орындары деректерді агенттікке береді, деректер түрлі әдістер арқылы қайта тексеріледі; IQAA ақпараттың бөлігін жоғары оқу орнымен байланысты емес көздерден сұратады.

 

№ 2 сауалнама - сарапшылардың жоғары оқу орындарын орташа беделді бағалауы болып табылатын сауалнама, 15 салмақты пайызды қамтиды (150 балл - жоғары оқу орны жинай алатын ең жоғары балл). Сарапшылық пул Агенттікпен белгіленеді.

 

№ 3 сауалнама - жұмыс берушілердің сауалнамасы, ол бойынша жоғары оқу орнының жұмыс берушілер, соның ішінде мемлекеттік және өңірлік органдар арасындағы мәртебесі айқындалады, ол беделдік болып табылады. Бұл15 салмақтық пайыз (150 балл - жоғары оқу орны жинай алатын ең жоғары балл).

 

Биыл Қазақстан-2018 жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингіне көпбейінді, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттағы, сондай-ақ өнер бағытындағы жоғары оқу орындары қатысты, барлығы - 60.

 

Қазақстанның үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының ұлтық (бас) рейтингі

 

Жоғары оқу орындарының атауы

Қорытынды нәтижелер, салм. %

1

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

100,00

2

Қостанай  мемлекеттік педагогикалық   институты

55,52

3

Тараз  мемлекеттік педагогикалық   институты

51,24

4

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

37,82

 

27.08.2018 ж.

Ақпарат көзі: egov.kz