қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.08.2018

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні


2018 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітапханатану залында Қазақстан Республикасының Конститутциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті.


Іс-шараны ұйымдастырушылар - Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы, Алматы қаласы Достық үйі, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Абай атындағы КазҰПУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы.


Дөңгелек үстел модераторы ҚазҰПУ-дың ҚХА кафедрасының ғылыми қызметкері Болысбек Батталханов болды.


Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Нурия Ниязова, заң ғылымдарының докторы, профессор, Д.А.Қонаев атындағы Еуразия Заң академиясының Конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі Кабдулсамих Айтхожин, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ҚХА кафедрасының меңгерушісі Георгий Кан, Алматы қаласы Ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы Мұхтарбек Шайкемелов, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Алматы қаласының этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.


Дөңгелек үстелдің қатысушыларының басты назарында 1995 жылғы 30 тамыздағы жалпыхалықтық референдумда елдің Конституциясының қабылданғаны және құрылу тарихы, сонымен қатар 1998 және 2007 жылдардағы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулары, олардың президенттік билікті нығайтудағы рөлі, елді одан әрі демократияландыру және реформаларды алға жылжыту туралы талқылаулар болды.