БҰҰ және Ғаламдық экологиялық қорының (ҒЭҚ) «Алматы каласының орнықты көліктері» бағдарламалары жобасын дамыту Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен, 2015 жылдың 11 қазанында Алматы қаласында «Ашық көшелер» бірінші фестивалі ұйымдастырылады.
Осы іс-шараны өткізу аясында күннің бірінші жартысында, яғни 9:00-ден -14:00-ге дейін қала орталықтарындағы автокөлік қозғалысына арналған бірнеше көшелер жабылады. Бұл уақытта жабылған көшелерде салауатты өмір салты, белсенді спорт түрлері, қозғалысеркіндігі, қызметінің барлық түрлері жүзеге асырылатын іс- шаралар өткізіледі.
Бұл шараның негізгі идеясы - қала тұрғындарына автокөлік қозғалысы жоқ кезде көшелерде көптеген пайдалы және қызықты іс-әрекеттерді жасауға болатындығын көрсету. Мереке спорттық және театрландырылған қойылымдармен, веломектептер, жаяу және вело шерулер элементтерімен отбасылық іс-шара ретінде өткізіледі.