қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Cүлеймен Самал Бейқұтқызы

Cүлеймен Самал Бейқұтқызы

 

Қысқаша автобиография

Сүлеймен Самал Бейқұтқызы Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ.

2000 жылы қыркүйек айында Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебінің  1 сыныбына бардым, 2011 жылы аты аталған мектепті тәмамдадым.2011 жылдың қыркүйек айында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне, педагогика және психология факультетіне, педагогика және психология мамандығына оқуға түсіп, 2015 жылы аталған оқу орнын тәмамдадым. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы, Алатау ауданындағы № 91 ЖББМ педагог - психолог болып  2018 жылдың тамыз айына дейін жұмыс жасадым. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, 2020 жылдың қыркүйек айына дейін  № 10 Алматы қаласындағы, қалалық емханада психолог болып жұмыс жасадым. 2018 - 2020 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және Психология институтында «6М010300-педагогика және психология» мамандығы, оның ішінде  білім берудегі менеджмент бағыты бойынша магистратурада білім алдым. 2019 жылы Вильнюс (Литва) университетінде тәжірибеден өттім. Бүгінде 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және Психология институтында 6М010300-педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша, оқытушы болып қабылданып жұмыс жасаудамын.

 

Білімі:

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

 Педагогика және психология бакалавры

 

2015

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Педагогика және психология магистрі

2020

 

Бакалавриат бойынша білім беру тәртібі (тізім бойынша дайындалу деңгейлері): педагог - психологтың кәсіби этикасы, педагог - психологтың психологиялық кеңес беруі, білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет,инклюзивті ортадағы психологиялық климат.

Магистратурада: Тайм - менеджмент

 

Ғылыми Қызметі:

1) «Педагогтың кәсіби қызметін жетілдіруге мүмкіндік берудегі коучинг пен менторинг үдерісінің маңызы» 07.11.2020 ж Абай атындағы ҚазҰПУ

2) Болашак педагог менеджердің ақпараттық мәдениетін дамытудың компоненттері мен көрсеткіштері. Хабаршы-Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Психология» №4,2020

3) Болашақ дене шынықтыру педагогының ақпараттық мәдениетін дамытудың әдістемесі. Научно-теоретический журнал «Теория и методика физической культуры», 2020. - № 4 (62). - с.56-62

4) «Болашақ педагог менеджердің ақпараттық мәдениетін дамытудың жолдары». «Психологиялық-педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары»: Абдрахманова Роза Бисенқызының 70 жылдығына арналған халықаралық қашықтық ғылыми -тәжірибелік конференциясының ғылыми мақалалар жинағы.-Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2020.-330 бет

5) Болашақ педагог менеджердің ақпараттық мәдениетін дамыту: теория мен тәжірибе. Алматы, 2020 -76 с.

6) Академия спорт және туризмаде өткен республикалық конференцияда постерлік баяндама; 2 орын.

7) «Комплексное использование минерального серья KIMS» халықаралық ғылыми - техникалық журналы. «Ғылымның өзекті мәселелері», шығарылым № 2, Алматы, 2019 жыл., - б.14-19, «Informational cultural description of the future teachermanager in the education system». халықаралық практикалық интернет конференциясының материалы.

8) Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен магистранттарының 74 конференциясына қатысқаны үшін мадақтау қағазы, 2 - орын

9) Вильнюс университетінде тәжірибеден өткені үшін сертификат

 

 


← Кері оралу