қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.09.2018

Астанада білім сапасын қамтамасыздандырудың тұңғыш еуразиялық форумы өтті


20 қыркүйек Астанада білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің 10 жылдығына орай бірінші Еуразиялық форумның ашылу салтанаты өтті. Форум жұмысы білім сапасын қамтамасыздандыруға бағытталған. Отандық және шетелдік Жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, профессорлар құрамы, сарапшылар қатысатын форум 21 қыркүйекте Жоғары оқу орындарына рейтинг бойынша сертификат табыстаумен түйінделеді.


 

 

Бүгінгі форумның ашылу салтанатында сөз алған Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов сауаттылықтың негізін мықтап қалау үшін орта білім беретін мекемелерде яғни мектептерде бүгінде жаңа бағдарламалар енгізіліп жатқандығын алға тартты.


Бұдан өзге білім сапасын қамтамасыздандыру агенттігі байқау Кеңесінің төрағасы Жақсыбек Күлекеев мемлекет елдегі білім сапасын тек өзі ғана басқарып, бақылайтын болса, аталған салада әлеует болмайды деп мәлімдеді. Сол себептен дүниежүзінде білім сапасын бақылаудың тәуелсіз агенттіктері жұмыс жасауда.

"Қазақстан осыдан он жыл бұрын білім сапасын бақылау бойынша тәуелсіз аккредитация агенттігін ашты. Аталған агенттіктің біз бүгінде тиімді жұмыс жасап келе жатқанының куәсі болдық. Қазақстанның бетке ұстар университеттерінің басым көбі бүгінде осы агенттіктен аккредитациядан өтті. Ал екі жыл бұрын агенттік Еуропадағы осы тектес агенттік реестрына еніп, өз жұмысының халықаралық стандарттарға сай келетінін дәлелдеді", - деген Ж. Күлекеев көршілес Өзбекстан, Әзірбайжан сынды мемлекеттер бүгінгі таңда Қазақстандағы аталған тәуелсіз агенттіктен өз елдеріндегі Жоғары оқу орындарын аккредитациядан өткізуге өтініш білдірді деп мәлімдеді. "Бұл агенттіктің өз жұмысын экспортқа шығарып жатқандығын білдіреді", - дейді Күлекеев.

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Такир Балықбаевтың сөзінше, мемлекет басшысы Н. Назарбаев бүгінде білім сапасын дамыту бойынша бар жағдайды жасап отыр.

 

"Биылдың өзінде әлеуметтік бағдарлама бойынша қосымша 20 мың грант бөлініп, студенттерге жатақхана салынып жатыр. Осы себептен, біздің университеттердің де жауапкершілігі жоғары болуы тиіс", - деген Балықбаев студенттерге сапалы білім берілу қажеттігін алға тартты.

 

Форум жұмысына шетелдік профессорлар мен білім саласы мамандары да белсенді қатысуда.


Ресей білім академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы Андрей Вербицкий Қазақстандағы аталған тәуелсіз агенттіктің сарапшылар құрамында осыдан бес жыл бұрын болғанын атап өтті. "Маған  агенттіктің жұмысы сол уақыттан ұнады", - деген академик осындай форумдар арқылы Қазақстан мен Ресей кең тұрғыда өзара тәжірибемен бөлісе алатындығын алға тартты.

 

Форум жұмысына БСҚА (Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі) президенті Қаланова Шолпан тізгіншілік етті.

 

Сондай-ақ форум барысында Германиядағы Дуйсбург-Эссен университетінің білім сапасын арттыру бойынша сарапшы Петра Пистер, Нидерланды және Фландрия аккредиттеу агенттігінің сарапшысы Мишель Вера қатысып, тың трендтер мен және өз шеберліктер імен бөлісті.

 

Атап өтерлігі, білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік білім ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын бағалайтын Қазақстандағы тұңғыш мекеме.

 

 

Автор: Сафина Саид

 

Ақпарат көзі: kazaknews.kz

20.09.2018 ж