Негізгі бет /
Хабарландыру
27.08.2022 «Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Университет) 2022-2023 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына байқау жариялайды
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы - 2
Бастауыш білім беру кафедрасы - 1
Педагогика және психология кафедрасы - 5
Арнайы педагогика кафедрасы - 4
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы - 2
Педагогика кафедрасы - 1
ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ Дене шынықтыру және спорт кафедрасы -9
Дизайн кафедрасы - 3
Музыкалық білім және хореография кафедрасы - 1
Бастапқы әскери дайындық кафедрасы - 2
Көркем білім беру кафедрасы - 2
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы - 7
Шетел тілдері кафедрасы - 16
Практикалық ағылшын тілі кафедрасы - 10
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы - 1
Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы - 2
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ Биология кафедрасы - 11
География және экология кафедрасы - 3
Химия кафедрасы - 7
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы - 2
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы -11
Әлем тарихы кафедрасы - 2
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ Математика және математикалық моделдеу кафедрасы -2
Физика кафедрасы -4
Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасы -1
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы -9
СОРБОННА - КАЗАХСТАН ИНСТИТУТЫ Экономикалық мамандықтар кафедрасы -6
* - ҚазҰПУ берілген атағы
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: профессор лауазымына: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреже, «профессор» ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес; доцент/қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кандидаттық немесе философия докторы (Ph.D.) дәрежесі, «доцент»/«қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес; аға оқытушы лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы (Ph.D.) академиялық дәрежесі; оқытушы лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және/немесе магистр дәрежесі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:1. Университетте жұмыс істейтін қызметкерлері: 1) Басқарма Төрағасы - ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1 қосымшаға сәйкес); 2) Үміткерлердің қағаз немесе электрондық форматтағы сауалнамасы (2-қосымшаға сәйкес)*; 3) Үміткерлердің қызметін бағалау жөніндегі сауалнама (3-қосымшаға сәйкес) *; 4) Кафедра отырысының шешімі; 5) Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде); 6) Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 7) Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде). 2. Университеттің штаттық емес үміткерлері: 1) Басқарма Төрағасы - ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1 қосымшаға сәйкес); 2) Үміткерлердің қағаз немесе электрондық форматтағы сауалнамасы (2 қосымшаға сәйкес)*; 3) жеке куәліктің көшірмесі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат, салыстыру үшін олардың түпнұсқалары; 4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін), кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы; 5) Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама; 6) Наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде тіркелмегендігі туралы медициналық анықтамалар; 7) Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда); 8) Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде). 9) Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде); 10) Соңғы жұмыс орнынан мінездеме немесе ұсыныс, өмірбаян.
Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай - ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары берген білім туралы құжаттар Білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.
Конкурсқа қатысуға құжаттар және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, өтініш барлық құжаттармен бірге конкурс өткізу басталғанға дейін өтініш берген тұлғаға қайтарылады.
Конкурсқа қатысуға өтініш пен құжаттарды беру мерзімі: 2022 жылдың «2» қыркүйекке дейін (қоса алғанда).
Құжаттарды қабылдау қолма-қол мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. Кадр саясаты бөлімі (№103 кабинет); сағат 9-00-дан 18-00-ге дейін. Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57; Штаттық профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық оқу жүктемесі мен жалақысы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушылар құрамы үшін ұсынылатын педагогикалық жүктеме мен ең төменгі жалақыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 122 бұйрығына сәйкес айқындалады.
* Сауалнама деректерімен жұмыс істеу рәсімі: Үміткерлердің әрқайсысы ұсынылған "Үміткердің анкетасы" бланкісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, үміткердің академиялық кезеңдегі қызметінің нәтижелерін көрсететін жеке көрсеткіштер негізінде толтырады;
сауалнамаларды толтыруды үміткерлер "өлшеу жиілігі"сауалнамасында көрсетілген кезеңде қол жеткізілген нәтижелер негізінде жүргізеді.
**Кафедра меңгерушілері конкурсқа қатысатын штаттағы қызметкерлердің қызметін бағалау үшін кафедрадағы үш жетекші мамандарын тарта отырып, "Оқытушының қызметін бағалау жөніндегі сауалнаманы " (3-қосымшаға сәйкес) толтырады
Үміткерлерге арналған сауалнамасының электронды файлын сақтауға қойылатын талаптар: Үміткердің Тегі_аты_кафедрасы_сауалнама (жеке куәлік бойынша тегі, аты және әкесінің аты (бар болса). Үлгі: Абаев_Абай_Дизайн_Сауалнама. "Үміткердің сауалнамасын" жіберуге арналған электрондық пошта мекен-жайы: hr.konkurs-2022@abaiuniversity.edu.kz
|