Шетелдік университеттермен серіктестік, сонымен қоса қазіргі және әлеуетті серіктес университеттерден келушілерді қабылдау:
- Академиялық ұтқырлық бойынша халықаралық серіктестерді іздеуде университеттің институттары мен бөлімдеріне көмек көрсету;
- Факультеттер мен басқа да кафедраларды халықаралық гранттық жобалар саласындағы мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Академиялық ұтқырлық және тағылымдамадан өту мәселелері бойынша халықаралық университеттермен келіссөздер жүргізу;
- ЖОО-мен құжаттардың бекітілуін, қол қойылуын және серіктес деректер базасын жаңартуды бақылау;
- Абай атындағы ҚазҰПУ университетінде қазіргі және әлеуетті серіктес университеттердің халықаралық делегацияларын қабылдау;
- Есеп беру: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне және басқа да мемлекеттік органдарға академиялық ұтқырлық, шетел университеттерімен халықаралық серіктестік, халықаралық бағдарламалар, шетелдік студенттер, халықаралық департамент өткізетін іс-шаралар туралы есептер және сұраныс бойынша кез келген басқа ақпараттар жасау.
Университет веб-сайтының «халықаралық қатынастар» бетінде деректер базасын жаңарту.
Есеп беру мерзімдерін сақтау.
Медиа ресурстарымен жұмысты жүргізу.
Басқа міндеттері: университеттегі түрлі мәдени және әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында елшіліктермен/консулдықтармен байланыста болу, Халықаралық ынтымақтастық департаменінің іс-қағаздарын жүргізу, құжаттау және тиісті тәртіпте мұрағаттау.
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлерінің бірі болмаған жағдайда департаменттің үздіксіз жұмысын қолдау және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің клиенттерімен байланыста болу (студенттер, ата-аналар, сыртқы ұйымдар, БҒМ және т. б.) Халықаралық ынтымақтастық департаментінің мүлкі мен бюджетіне жауапкершілікте болу.
Университет ережелері мен міндеттерін сақтау, тікелей басшының тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді орындау.
|