Өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін бөлім маманы:
- еңбек шартында, қоғамның ішкі актілерінде және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Бөлім бастығының тапсырмаларын орындайды;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бұйрықтардың, хаттамалардың, шарттардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындау және келісу;
- Мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізілетін Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген хабарландыруды, хаттамаларды, есептерді, өзге де мәліметтерді орналастыру;
- электрондық конкурстық құжаттаманы, хаттамаларды, шешімдерді әзірлеу, дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Электрондық конкурстық құжаттаманы әзірлеу және Мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару үшін сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшеліктері мен сипаттамаларын қоғам мамандарымен келісу;
- конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын жасауға, шартты бағаға пайыздық әсерді есептеуге және конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуге қатысу;
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға байланысты құжаттарға құқықтық сараптаманы жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өз құзыреті шегінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттаманың ережелерін (техникалық ерекшеліктен басқа) түсіндіру туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына жауаптардың жобаларын дайындау;
- конкурстық құжаттама (техникалық ерекшеліктен басқа) бойынша хабарландырулар, түсіндірмелер және Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру үшін қажетті өзге де ақпарат дайындау;
- заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танылған өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға ақпарат жіберу;
- Мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізілетін Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген хабарландыруды, хаттамаларды, есептерді, өзге де мәліметтерді орналастыру;
- конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етудің енгізілуін және қайтарылуын және Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету;
|