қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
05.10.2018

Г.Әбдіқалықова Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты

 

Мемлекет басшысы Жолдауда білім сапасын арттыру, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білікті мамандарды даярлау мәселесіне кеңінен тоқталды.

 

Бұл еліміздегі жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Алматыдағы Республика сарайында 90 жылдығын салтанатты түрде атап өткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - еліміздегі педагог мамандарды даярлайтын іргелі оқу орындарының бірі. Әлемнің 25 мемлекетінің 130 жоғары оқу орнымен әріптестік байланыста жұмыс істеп келе жатқан оқу орнында студенттердің жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Университетте сандық жүйеге көшу қолға алынған. «Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді», - дейді ұстаздар. Іргелі оқу орнының мерейтойлық шарасына шетелдік әріптестері, түлектері мен мемлекеттік тұлғалар қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова тапсырды.

 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:


- Сіздерді отандық білім беру саласының қарашаңырағы саналатын университеттің 90 жылдық мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын. Сонау 1928 жылы есігін жалғыз ғана педагогикалық факультетпен ашқалы бері халқымыздың Ахмет Байтұрсынов, Темірбек Жүргенов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин сынды көптеген көорнекті тұлғалардың іздері қалған бұл университет бүгінде еліміздегі ең белді білім ордаланырың бірі саналады.


Мақтағали Бектемесов, Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры:


- Педагогтардың мәртебесі деген үлкен мәселені көтерді. Ол біздің университеттің мәртебесі де көтерілді деген сөз. Жауапкершілік артады. Бізден шыққан педагогтар мамандар еліміздің экономикасына білім ағарту саласына өз еңбегін береді деген сөз.


 

05.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: 24.kz