Негізгі бет
Жаңалықтар
06.10.2018 «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының даму стратегиясы» Қазақстан-Француз форумы
5 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына байланысты «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан Институтының даму стратегиясы» Қазақстан-Француз форумы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты Сорбонна-Қазақстан Институтында білімнің беделін арттыру, институтты басқару жүйесін жетілдіру, мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, институттың тиімділігін арттырудың стратегиялық бағыттарын дамыту және шетелдік жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу болатын.
Қазақстан-Француз форумына ректор Такир Балықбаев, Француз Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулдығының университеттік ынтымақтастық жөніндегі атташе Жиль Мамец, Француз Республикасы Елшілігінің өкілдері, академиялық қоғамдастық және мемлекеттік органдарының өкілдері, Сорбонна-Қазақстан институтының серіктестері, оқу орындарының ректорлары және Францияның бірқатар университеттерінің (Сорбонна Париж Ситэ, Париж VII имени Дени Дидро, Бордо, Пуатье, Страсбург, Тулуз) ресми өкілдері Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Соронна-Қазақстан институтының профессор-оқытушылары қатысты.
Ректор «Сорбонна-Қазақстан институты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Сорбонна Париж Ситэ университеті арасындағы ынтымақтастық негізінде 2014 жылы құрылған маңызды жоба болып табылады. Біздің университеттің жан-жақты дамуы үшін жетекші ғылыми университеттермен, орталықтармен және әлемдік деңгейдегі жетекші ғалымдармен тығыз байланыста жұмыс жасауымыз керек», - деді.
Форум аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына орай форумның құрметті қонақтарын мерейтойлық сыйлықтармен және медальдармен марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан-Француз форумының соңында Франциядан келген қонақтар ректор Такиров Балықбаев пен ҚазҰПУ қызметкерлерін аталмыш мерейтоймен құттықтай отырып, университеттердің Құттықтау сөздері мен сыйлықтарын табыс етті.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
|