Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
10.10.2018 Еуразия кеңістігіндегі педагогикалық оқу орындарының басын қосқан форум
Жақында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында «Үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелері: дәстүр мен жаңашылдық» халықаралық форумы өтті.
Форумның мақсаты қазіргізаманғы жағдайларда ТМД елдеріндегі үздіксіз педагогикалық білім беру және педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін талқылау, үздіксіз педагогикалық білім беру саласында ғылым мен инновацияларды қолдаудағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін мемлекетаралық алаңды одан әрі дамыту болып табылады.
Іс-шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының құрамындағы университеттердің ректорлары, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің шетелдік серіктес жоғары оқуорындарының (Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Польша, Чехия, Жапония, Түркия, Украина т.б.) ректорлары мен профессорлары, ғалымдар, ТМД және Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты.
Өз кезегінде ректор Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары құттықтау сөз сөйледі. Форумды ректор Такир Балықбаев ашып, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының халықаралық форумының маңыздылығын атап өтті. Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ректор мен университет қызметкерлерін, форумның барлық қатысушыларын Абай атындағы ҚазҰПУ-дің алдағы мерейтойымен құттықтап, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан құттықтады.
- Қазақстан Республикасының жетекші педагогикалық жоғары оқу орнының 90-жылдығы қарсаңында өтіп отырған форум жоғары мектеп және оқуорындары оқытушылары үшін аса маңызды шара екенін атап айтуға болады. Әсіресе қазіргі уақыттағы еліміздегі жоғары мектептер мен жоғары білім беру саласындағы өзгерістер енгізілу кезеңінде. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мәскеу педагогикалық университетінің бастамалары бойынша Еуразиялық педагогикалық университеттердің қауымдастығының құрылуы өте маңызды қадам болып табылады. Бұл ЕЭО елдеріндегі білім және ғылым саласындағы интеграцияға бағытталған бірінші мемлекетаралық қоғамдық ұйым. Еуразиялық қауымдастықтың қызметі ғылым және білім беру гуманитарлық кеңістігін табысты қалыптастыруға, ұлттық мәдениеттерді өзара байытуға, біздің елдеріміз арасындағы байланыстарды дамытып, нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, - деген вице-министр сөзінің соңында университеттің дамуына шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі.
Форум жұмысы негізгі бес бағыт бойынша жүргізілді: Қазіргі үздіксіз педагогикалық білім берудегі дәстүр мен жаңашылдық;
Форум қатысушыларының пікірінше, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының халықаралық форум жұмысы нәтижелі және жоғары деңгейде өтті.
Авторы: Римма Жанбаева 10.10.2018 ж. Ақпарат көзі: dalanews.kz
|