қазақша · русский · english
 
 
 

 

Кафедра оқытушылары арқылы іске асырылып жатқан Халықаралық байланыстар шетелдік университеттердің тиісті бөлімдерімен хат алмасу, тиісті келісім-шарттарға қол қою, ПОҚ және студенттер алмасу, қос дипломдық бағдарлама бойынша әр салада жан-жақты дамуда. Сонымен қатар түрлі дөңгелек стол, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарлар, шетелде біліктілікті арттыру курстары кафедра басшылығы мен ПОҚ назарынан тысқалған емес.


Кафедраның ғылыми, шығармашылық және өндірістік байланыс орнатқан университет, мәдени орталықтар арасында Мысыр елінің Айн-Шамс университеті, Тайвань Педагогикалық Университеті, Мароккодағы Рабат Университеті, Қытайдағы Ханшань Университеті, Түркиядағы Эрзинджан Университеті, Ирандағы Данешгах Тахран Университеті, ҚХР Ухань қаласы Орталық Қытай педагогикалық университеті, ҚХР Құлжа қаласы Іле Педагогикалық Университеті, Хубей Технологиялық университеті, Хубей Педагогикалық университеті, Ухань университеті, Пекин тіл мәдениеті университеті, Хынан университеті, Жансу Педагогикалық университеті сияқты білім ордалары мен тығыз байланыс орнатылған. Университет қабырғасында ҚХР Құлжа қаласындағы Іле Педагогикалық университетінің орталығы, Түркиядағы Эрзинджан университетінің орталығы жұмыс істейді. Мұндай байланыстар, әсіресе, студенттерді тілдік практикасын дамытуда оңды роль атқарып, оқып жатқан тілдерін үйренуде және жақсы оқитын студенттерді көтермелеуде, ынталандыруда жақсы құрал мен амалдардың бірі болып саналады.


4-курс студенттері Сейтжан Арайлым, Сарсенбаева Фариза, Байжанова Жазира, Шайхиева Әлия, Науқанова Айгерим, Кожасбаева Шарафат, Сапарғалиева Диляра, Дюсебаева Самал,Турсынбек Айгерим, Турдақынова Сания, Жунисбаева Назира, Өскенбай Фариза, Рахманова Гүлнұр, Мырзақұл Гүлім, Бижанқызы Назерке, Жұмәділ Әлия, Арепова Ақсұлу, Бақбергенова Әсем, Төреханова Әбила, Бурабай Камшат, Жұман Сымбат, Еркінбек Сая, Қуанышпекова Алтынай, Бегжан Сауле, Узбенова Айсұлу ҚХР Іле пед. Университетінің грантымен оқып келді.


Алтынханова Мадина, Серікханқызы Салтанат, Диқанбай Сымбат, Сәлмекеева Ақерке Түркиядағы Эрзинджан Университетінде білім алып жатыр.


Кафедра шетел әріптестерімен және сыртқы байланысты дамыту бағытында ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды толық жүргізіп отыр.


Халықаралық байланыстардың арқасында, оның ішіндегі Болон процесі аясында кафедраның оқу және оқу-әдістемелік қызметі жағынан жоғарлауда.


Әр түрлі халықаралық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, ғылыми мақалалар топтамасы мен бірлескен монографияларды шығаруда кафедраның ғылыми-зерттеу жағынан нығаюда.


Студенттер мен магистранттар кафедраның оқытушыларын шетелге жіберу және шетел мамандарын және студенттерін шақырту арқылы практикалық кәсіби мамандар даярлау бағытында вуздар мен жеке адамдардың аралық қарым-қатынастары жетілдірілуде.


Шетел серіктестерімен оқытушылар, студенттер мен магистранттар тілдік құзіреттілігін жоғарлату жобасында барлық дайындықтарда өзара байланыста жұмыс жүргізуде.


Профессор-оқытушылар, студенттер мен магистранттарға халықаралық программалар, стипендиялар мен гранттар туралы ақпараттар беріліп отырады. Лекция оқу мен сабақ жүргізуге шетел оқытушылары шақыртылады.


Кафедра ДААД Алматы қаласындағы, Француз Альянсы, Гете институтымен ақпараттық байланыстарды қолдайды.


Қазір кафедра Иран, ҚХР, Түркия, Ресей, Германия, Франция мемлекеттеріндегі шетел жоғары оқу орындары серіктестіктерімен тығыз байланыста.

 

Білім жетілдіру курсы мен тағылымнан өткен оқытушылар мен студенттер:
- неміс тілінен мастер-класс Гете институт;
- француз тілінен мастер-класс Француз Альянсы;
- педагогикалық университет Фрайбург қаласы (Германия);
- франция елшілігінен педагогикалық стажировка; 
- диосезе Педагогикалық университет Линц қаласы (Австрия);
- педагогикалық стажировка Тулуза қаласы (Франция);
- педагогикалық стажировка Страссбург қаласы (Франция).


Қос диплом алу мүмкіндігі бойынша екідипломдық білім алу бағдарламасын енгізу жұмысы жүргізілуде, сонымен қатар әлемнің 500-ден астам университеттерінен шетел профессорларын шақырту жұмысы қолға алынды.