қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.10.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің форумы

 

  

 

2018 жылдың 4 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына орай университет түлектерінің форумы өтті. Форумның мақсаты жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу.

 

Форумға университет ректоры Такир Балықбаев, Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті Ережеп Мамбетқазиев, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Байтұрсын Өмірбеков, Қазақстан Республикасының өнер, мәдениет және білім саласындағы ҚазҰПУ-дың табысты түлектері, шетел азаматтары мен жоғары оқу орнына дейінгі оқыту факультетінің түлегі Сын Хён (Корея) және отандық эстрада жұлдыздары қатысты.

 

Ректор Такир Балықбаев құттықтау сөз сөйледі, түлектер мен форумға қатысушыларды университет тарихындағы маңызды күндерімен құттықтады. Ректор ҚазҰПУ түлектерінің қуатты және біртұтас қоғамы университеттің дамуына, еліміздің табысына деген маңызды тәжірибелік және интеллектуалды үлесін қосатынына сенім білдірді. Форумға жиналған университет түлектеріне алғыс айта отырып, мерейтойлық іс-шараға қатысқан ұйымдарға ризашылығын білдірді.

 

Форум барысында Түлектер қауымдастығы мүшелері, Түлектер қауымдастығы президенті мен президиум мүшелері тағайындалды. Түлектер қауымдастығының таныстырылымы, концерттік бағдарлама, Университеттің 90 жылдық мерейтойына арналған университеттің түлектері мен қонақтарын төсбелгілермен марапаттау рәсімі өткізілді. Сондай-ақ, оқу орнының аудиториялары мен ғылыми зертханаларымен таныстыру ұйымдастырылды.

 

Салтанатты іс-шараның соңында «Түлектер - жаңа тарихымыздың жарқын болашағы», «Ұясына қайта қонған түлектер», «Ұшқан ұяға тағзым!», «Көргені көп көш бастайды», «Өнердегі түлектеріміз - мақтанышымыз», «Сорбонна-Қазақстан институтына қош келдіңіз Үздік түлек!» тақырыптарында мәжілістер өткізілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім