«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді 2017 жылы 7 желтоқсан күні Шығыс тілдері және аударма кафедрасының аударма ісі мамандығының магистранттары мен стуенттерінің ұйымдастыруымен 16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік кеш кафедра меңгерушісі, профессор Князь Мирзоев құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде: «Тәуелсіздікке биыл 26 жыл толуына байланысты бұл бүкіл қазақстандықтар үшін айтулы маңызды мереке. Егемендік алғалы бері Қазақстан жаңа белестерге көтерілді, ұлттық «Ата Заң» қабылданды. Елбасының берік мықты саясатының арқасында бүгінгі күнде елімізді әлем танып отыр. Осы атаулы мерекемен мен сіздерді құттықтаймын!» - деді.
Іс шара Тәуелсіздіктің 26 жылдығында жеткен жетістіктері, рәміздері, сондай-ақ Елбасының саясаты мен елімізді дамытуда сіңірген еңбегі жайында танымдық презентация көрсетілді. Мерекелік іс-шарада өнерлі студенттеріміз қазақ, орыс, өзбек және қытай тілінде құттықтаулар айтты, ағылшын тілінде ән шырқады, қызықты көрініс қойды, егемендігіміз туралы көрермендерге сұрақтар қойылып сыйлықтармен марапатталды. Іс-шарада мұғалімдер мен көрермен студенттер де өз ойлары мен құттықтауларын білдірді.
«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді
2017 жылдың 28 қарашасы күні Шығыс тілдері және аударма кафедрасында аға оқытушы Айгерім Талдыбаева ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбындағы мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік кеш кафедра меңгерушісі профессор Князь Мирзоевтың құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде: «Президент күні мерекесі біздің елімізде ғана емес, көптеген елдерде тойланады. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті.Қазақстанның даму жолында атқарған еңбегі орасан зор. Әр жылдағы жолдаулары мен жасалып жатқан реформасы, «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам», рухани жаңғыру жобалары арқылы ел экономикасы жылдан- жылға қарыштап даму үстінде. Елбасының сындарлы саясатының арқасында бүгінде Қазақстанды әлем танып отыр. Осындай атаулы мерекемен мен сіздерді құттықтаймын!»- деді.Іс-шарада Елбасының жүріп өткен жолы, Қазақстанды дамытудағы ерен еңбегі, Желтоқсан жаңғырығы, Тәуелсіздіктің 26 жылындағы еліміздің жеткен жетістіктері,сондай-ақ VII қысқы Азия ойындарының және EXPO-2017 көрмесінің өткізілуі жайындатанымдықпрезентациялар көрсетілді. Мерекелік кеште өнерлі студенттердің қазақ, француз, араб тілінде шырқаған әндері мен өлеңдері, күмбірлеген күйлері паш етілді. Кеш соңында студенттердің қазақ, орыс, ағылшын, француз, түрік, араб, қытай, ұйғыр тілдеріндегі мерекелік құттықтаулары айтылып, «Көк тудың желбірегені» әні бүкіл кешке келушілермен бірге шырқалды. Мерекелік іс-шарадан студенттер мен магистранттар танымдық мәліметтер алып, жақсы көңіл күймен қайтты. Кафедраның негізгі жұмысы шығыс тілдері және аударма ісінің заманауи үлгісіне негізделген.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 90 жылдық мерейтойына орай Филология және көптілді білім беру институтында жыл сайын өтетін 72-ші ғылыми-студенттік конференция өтті. Саны бойынша студенттер мен магистранттардан ең көп баяндама қабылданған шығыс тілдері және аударманың өзекті мәселелері секциясы болғанын атап өткен жөн. Конференцияда баяндалған тақырыптар әртүрлілігімен қоса мазмұнды әрі жаңашыл болды.
2017 жылдың 17 қарашасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті шетел филологиясы үйғыр тілі мамандығының студенттері Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік Академиялық Ұйғыр театрында қойылған Ә.Әхмәтовтың «Махмұд Қашқари» атты спектаклін тамашалап қайтты. Аталмыш спектакль студенттерді түркі халықтарының филологы және лексикографы М. Қашқаридың өмірімен шығармашылығы жайында хабардар етті. Спектакль соңында студенттер пьесса авторы А. Ахметовпен жеке кездесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіндегі студенттер білім алумен қатар аталмыш оқу орнында өткізілетін тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысып келуде.
|