қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.10.2018

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің 10 жылдығына арналған конференция


2018 жылдың 15 қазанында Астана қаласында БСҚБТА (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің) 10 жылдығына байланысты «Сыртқы сараптамалық топты оқыту және есептер дайындау» тақырыбында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференция өтті.


Аталмыш іс-шараға 150-ден астам елден, атап айтқанда, алыс шетелден Франция, Испания, Бельгия, Армения, Ресей және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық сарапшылары мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары, БСҚБТА-нің ұлттық сарапшылары Роза Бекмағанбетова, Гульбану Қосымова, Бахадур Абдиманапов қатысты.

 

Конференцияда «Еуропалық интеграциялық күн тәртібіне сәйкес үшінші цикл сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру және іс жүзіне енгізу арқылы зерттеулерді интернационалдандыру жолымен алға жылжыту» тақырыбында баяндамалар жасалды. Сонымен қатар Испаниядағы доктарантура оқыту бағдарламаларының ішкі сапасын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Конференцияның пікірталас бөлімінде қатысушылар халықаралық Қазақстандық сыртқы аудиттің стратегиясына өз көзқарастарын білдіріп, өзара тәжірибелерімен алмасты.

 

   

 

  

 

География экология және туризм кафедрасы