қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.10.2018

Мерейтойлық іс-шаралардың аясында ректордың шетелдік жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесуі

 

  

 

3-5 қазан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерейтойының іс-шаралары аясындағы ректор Такир Балыкбаев шетелдік жоғары оқу орындарының жетекшілерімен кездесті.

 

Кездесуге Слупсктағы Помор академиясының ректоры, проф. Збигнев Осадовский (Польша); Модена және Реджио Эмилия Университетінің вице-канцлері проф. Серджио Феррари бастаған делегациясы (Италия); ШТМҰУ президенті проф. Манюэль Франк (Франция); Диосезе Линцтағы Жеке педагогикалық университетінің құрметті ректоры проф. Ханс Шахл (Австрия); Дебрецен университетінің (Венгрия) делегациясы; Пенсильвания университетінің профессоры Уиллиям Дайл (АҚШ) қатысты.

 

Кездесу барысында екі дипломды бакалавриат және магистратура бағдарламалары, Эразмус+ бағдарламасы бойынша бірлескен ғылыми жобалар, студенттер мен оқытушылар ұтқырлығы, магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми тағылымдамалар, бірлескен симпозиумдар мен форумдар және қашықтықтан оқыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерінің келешегі талқыланды.

 

Ректор Такир Балыкбаевпен кездесу барысында серіктес университеттерден келген қонақтар университеттің мерейтойын атап өтуге шақырғаны үшін және жемісті ынтымақтастыққа алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы