қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
18.10.2018

Білімді елдің еңсесі биік

 


 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында елдегі білім саласы назардан тыс қалмаған. Жолдауда білім саласы бойынша түбегейлі жаңа міндеттер қойылып отыр. Өйткені білім - ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың, озық 30 елдің қатарына енудің басты құралы. Бiлiм беру сапасын жақсарту - уақыт үрдiсiне дөп келiп тұрған маңызды шарт, себебi жас ұрпаққа кемел бiлiм бермейiнше, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi де қамтамасыз ету мүмкiн емес. Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында отандық бiлiм жүйесiн бәсекеге бейiмдеп құру жөнiнде нақты тапсырма берiп, ұлт өресi сапалы бiлiм нәрiмен сусындағанда ғана өсетiнiн, осыған орай бiлiм дәрежесiн халықаралық деңгейге көтеру және әлемдiк бiлiм тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесiн қадап айтты. Бұл бiлiм беру жүйесiнен әлеуметтiк белсендi, шығармашылығы мол, еркiн дамыған, жаңа хабарды, жаңалықты өз бетiмен iздеп, оған баға бере алатын, дұрыс салмақты шешiмдердi қабылдай алатын адамдардың тәрбиеленiп шығуын, даяр болғанын талап етедi.

 

Әлбетте, «Ұстаз болу - адамның асыл­ды­ғы» деп бекер айтылмаған. Жаңар­ған қоғам, жаңа уақыт талаптарына сай аза­мат тәрбиелеу алдымен ұстаз атына байла­нысты. Болашақта еңбек етiп, өмiр сүре­тiн бүгiнгi мектеп оқушыларын мұға­лiм қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгей­де болатындығын, соған орай ұстаз­­дарға жүктелетiн мiндеттiң ауыр екен­­дiгiне Елбасымыз Н.Назарбаев үнемi назар аударып, ұрпақ тәрбиесiне үлкен жауап­­кершiлiкпен қарауды талап етедi.

 

Осыған байланысты біз де бүгін алда­ғы перспективаларды, пробле­ма­лар­д­ы, оларды шешу жолдарын және міндеттерді анықтап алуымыз керек. Еліміздің ертеңгі күні биіктен көрінуі, өзге елмен терез­е­сі­нің тең болуы - сапалы білімге байла­ныс­ты. Қазіргі күні педагогика саласы­нда қыз­мет етіп жүрген мамандар­дың жағ­дайы аса жақсы деп айта алмаймыз. Деген­мен бүгін Елбасымыз білім, денсау­лық және тәртіп сақшыларының жалақы­сын көтеру керегін шегелеп айтты.

 

Елбасы мұғалімдердің жалақысын көтеріп, оларға жағдай жасаса, білім саласының қызметкерлері оқыту сапасын арттыруға, жастардың тәрбиелі болуына және жаңа инновациялардың игеріліп, еліміздің көркейе түсуі үшін барын салып қызмет ете түсетіне сенім білдірді.

 

Жолдауда әсіресе, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігі ерекше атап көрсетілді. Өйткені адамның ойлау негіздері, ақыл-ойы мен шығар­машылық қабілеттері, жаңа дағды­лары сонау бала кезден қалыптасатын­дығы бүгінде дәлелденген шындық. Сон­дық­тан Елбасы Білім және ғылым минис­тр­лігіне жергілікті әкімшіліктермен бірле­се оты­рып, үстіміздегі жылы тиісті «Жол карта­сын» дайындауды қадап тапсырды.

 

Бұл бұған дейін тиісті дәрежеде еске­ріл­­мей келе жатқан мектепке дейінгі білім беру мәселесіндегі қордаланған пробле­ма­ларды оңды шешуге мүмкіндік береді деген сенім ұялатады.

 

Жолдау барысында еліміздегі мектеп­тер­дің білім беру сапасын арттырып, Назарбаев мектептерімен теңестіру айтыл­ды. Бұл да өте құптарлық жағдай, қазір­­дің өзінде ол мектептердің білім беру бағ­дарламаларын жалпы білім беру мек­тептеріне енгізу жүріп жатыр. Олар­дың әдістемесін, бағдарламаларын, соның ішінде білім мазмұнын енгізуде біраз жұмыстар атқарылды. Білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеру - бүгінгі күннің талабы. Сондықтан бұл жағынан Елбасы­ның айтқандарын біз де қызу қолдаймыз.

 

Бұған дәлел, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орта білім берудің жаңартылған мазмұны­на сәйкес 23 педагогикалық мамандыққа арналған жаңа білім беру бағдарламалары дайындалды. Осы бағдарламаға және уақыт сұранысына сәйкес 96 жаңа пән оқу үрді­сіне енгізілді. Сонымен бірге, оқыты­ла­тын пәндер мазмұнына да өзгерістер енгізілуде. Республикамыздың жоғары оқу орын­дарын­да және жоғары сыныптарда ағыл­шын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу міндеті қойылған болатын. Абай атын­дағы ҚазҰПУ профессор-оқы­ту­шы­лар құрамының қатысуымен химия, биология, физика және информатика пәнде­рін ағылшын тілінде оқытуға бағыт­талған білім беру бағдарламалары Англия­ның Кембридж және Сассекс универ­ситеттерімен ынтымақтастықта дайын­далды. Мұның бәрі орта білім беру­дің жаңартылған мазмұны сұраныс­тарын қанағаттандыруға бағытталған.

 

Елбасы Жолдауда білім, ғылым және денсаулық сақтау саласына қатысты бұрын-соңды болмаған шешім қабыл­да­ды. 5 жылдың ішінде осы салаларға бар­лық көздерден жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің (ЖӨІ) 10 пайызына дейін жеткізу туралы тапсырмасы ерекше қуантты.

 

Соңғы 15-20 жылда ғалымдар осы мәсе­­лені көтерумен келе жатыр. Қазір біз­д­ің ғылымның қаржыландырылуы - 0,13 пайыз ғана. Жақында ғана Сенатта өткен Қазақстанның барлық ғалымы жинал­ған үлкен дөңгелек үстелде осы мәсе­ле қызу талқыланған еді. Осыдан бірнеше күн бұрын БҒМ-да өткен форум­да да осы мәселе туралы көп айтылды. Ке­шегі Елбасы­ның ойып айтқаны - білім, ғылым­ға айрықша көңіл бөліп, әсіре­­се ғылымға ден қойғаны бізді ерекше қуан­тады. Ғылымға бөлінетін қаражатты арт­тырмай, оның экономикаға берері аз бола­д­ы деп ойлаймын. Сондықтан бұл да дәл кезінде айтылған мәселе деп есептей­міз.

 

Елбасы Жолдауды жариялап тұрып, залда отырғандардан «Неге біздің балала­р шетелге кетіп жатыр? Неге бізде науқастар шетелде емделеді?» деп сұрады. Барлық жабдықтар, лаборатория­лар, компью­терлері бар жақсы мектептер салы­нуда. Медицина саласына әлемде ешкімнен кем емес құрылғылар келіп жатыр. Ал біздің қоғамда педагог пен дәрігерлерге деген сенім жоқ. Көп адам біздің ұстаздар шетелдегідей сабақ бере алмайды деген пікірде. Шындығында, біздің оқытушылар ешкімнен кем емес. Осы орайда Мемлекет басшысы мұғалім­дер­дің мәселесін де назардан тыс қалдыр­май, «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң қабылдау керек дегені ерекше қуаныш­қа бөледі. Президенттің ұстаз­дар­ға салынған жүктемені азайтып, үш ауы­сым­ды білім беру мәселесін шешу жөнін­дегі тапсырмасы дер кезінде көтеріл­ген әділ шешім дер едік.

 

Біздің педагогтарға қоғамнан орын бері­л­іп, жалақысын дұрыстап, өзінің қыз­метінен тыс жұмыстарға жұмсауға бол­май­­тынын естігенде Елбасының бар­лық істен хабардар екенін біліп жаны­мыз жады­рап қалды. Ұстаздар күні алдында Елба­сының осы ұсынысын үлкен қуа­ныш­пен қабылдадық.

 

Ендігі жерде еліміздің жоғары оқу орын­дарының кадр дайындау сапасына қатыс­ты талаптар да күшейтіледі. Сон­дық­тан жоғары білім жүйесіндегі маман­дар дайындаудағы қол жеткен биік­термен шектелмей, дамудың алдағы келешегін де ескерген дұрыс. Барлық жо­ғары оқу орын­­дары Елбасы Н.Назарбаев­тың Жол­да­уын­да айтылған талап­тар тұрғысында қазіргі заман ағымында қызмет жасап, әлі де көптеген бағыттарда тынымсыз ізденіс шара­ларын жүргізуі тиіс. Бүгінде шетелдік тәжіри­бені пайдаланудың маңызы артып отыр­ғандығын ешкім жоққа шығара алмай­ды. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Фран­ция, Германия, Италия және Жапо­ния, Сингапур сияқты елдерді алып қарайық. Дәл осы мемлекеттердің тәжіри­бесіне қызығушылықтың арту сыры, бәрімізге белгілі бұлардың барлығы ғылы­ми-техникалық жаңалықтарды жаппай енгізу арқылы жаңа технология­лық сілкі­ніс­ке қол жеткізіп, өздерінің эконо­ми­калық дамуында озық тұрған елдер болып саналады. Әрі осындай табысқа олардың тек білім мен ғылым саласындағы дұрыс жүргізілген, оңды мемлекеттік саясат арқылы ғана қол жеткізгендігін де білеміз. Сондықтан аталған мемлекеттердің тәжіри­бесін зерделеу арқылы дамыған елдердің білім саласындағы саясаты мәсе­ле­сін үйрену қажеттілігінің маңызы зор. Қазақстан сияқты шынайы тәуелсіз­дік­кке енді ғана қол жеткізіп жатқан ел үшін дамыған мемлекеттерден үйренетін пайда­лы тәжірибелердің мол екендігін бәріміз де жақсы түсінеміз. Елбасы кешегі Жолдауда «Назарбаев университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды» деп нақты атап көрсетті.

 

Осы орайда біздің университетіміздің де бүгінде әлемнің 23 елінің оқу орын­дары­­мен 130-дан астам халықаралық келісім­шарт жасағанын, соның ішінде 20 келісімшарт - әлемнің академиялық рейтин­гісіне кіретін университеттер екен­ді­гін мақтанышпен айта аламыз.

 

Бұдан былай жоғары оқу орнының табыс­тылығын бағалаудың басты крите­рийі - оқу бітірген студенттердің жұмыс­пен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмыс­қа орналасуы. Яғни, жоғары мек­тептер адам ресурстарын даярлаудың сапа­сын арттырудағы, жеке тұлға мен қоғам­ның қажеттіліктерін қанағаттан­ды­ру­дағы шешу­ші әлеуеттік орта болуы шарт. Бұған жауап бере алмаған жоғары оқу орындары үшін ірілендіру саясаты жүргізіледі. Демек, нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалады.

 

Тек сонда ғана егеменді еліміз бүгінгі білімді студенттерімен, ертеңгі білікті мамандарымен мақтанып, небір биіктерге құлаш сермей алады деп айта аламыз.

 

Мемлекет басшысы халыққа жаңа Жолдауында, Қазақстанда келер жылды «Жастар жылы» деп жариялады, бұл өте уақытылы және болашаққа бағытталған шешім болды. Бірде Елбасы «Нұр Отан» Жастар форумында «Жастарыма сенемін» деген қанатты сөзді айтқан болатын. Мем­лекет басшысы өзінің Жолдауында Қазақ­станның болашағы біздің жастары­мыз­­б­ен, жоғары сапалы адами капиталдың негізі болатын қазақстандықтардың жаңа буынына деген қамқорлығымен байла­ныс­ты екендігін тағы бір атап өтті.

 

Еліміздің жоғары білім жүйесіндегі маман­дар дайындаудағы қол жеткен биіктермен шектелмей, дамудың алдағы келешегін де ескерген дұрыс. Барлық жоғары оқу орындары Елбасы Н.Назарбаев­т­ың «Қазақстандықтардың әл-ауқа­ты­ның өсуі: табыс пен тұрмыс сапа­сын арттыру» Жолдауында айтылған талап­­­тар тұрғысында қазіргі заман ағы­мын­­­да қызмет жасап, әлі де көптеген ба­ғыттарда тынымсыз ізденіс шараларын жүргізуі тиіс. Бұл жоғары мектептер адам ресурстарын даярлаудың сапасын артты­ру­дағы, жеке тұлға мен қоғамның қажет­тілік­терін қанағаттандырудағы шешуші әле­­уметтік орта болып қала береді деген сөз.

 

Авторы: Ғабит Кенжебаев,

тарих ғылымдарының докторы,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың проректоры

18.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz