қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.10.2018

АҚ штабы: нысаналық жаттығу сәтті өтті!

 

2018 жыл 18 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жер сілкінісінен кейінгі жағдайда қайта қалпына келтіру кезіндегі басшылықтың, командалық құрамның, азаматтық қорғаныс құрамдарын ұйымдастыру әрекеттері» тақырыбында нысаналық жаттығу жүргізілді. Жеке құрамның біліктілігін арттыру, университеттің өрт сөндіру жабдықтарының жай-күйін және дайындығын тексеру мақсатында әскери кафедра базасында ұйымдастырылған арнайы жаттығуларға азаматтық қорғаныс құрамы; кафедра басшылығы; құтқарушы топ; арнайы өрт сөндіргіштер; байланыс және ескерту жасағы; санитарлық топ тартылды.


Қатысушылар оқу ғимаратында жер сілкінісі пайда болуы туралы хабардар болды. Жер сілкінісі болған жағдайда, әскери кафедраның оқу корпусындағы дәрісханалардағы студенттерді қауіпсіз орынға эвакуациялау жаттығу жұмыстары өткізілді. Сондай-ақ жаттығу барысында алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі іс - шаралар жүргізілді. Жаттығуға әскери кафедра басшылығы және кафедра оқытушылары белсене қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

Азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық бөлімі