«Абайды таны,таңырқа» мерекелік іс - шара
2018 жылдың 1 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай, «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының оқытушылары мен студенттері Алматы қаласының «SOS Children`s Villages» балалар үйінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Абайды таны,таңырқа» мерекелік іс - шара өткізді.
Мерекелік іс-шараның мақсаты «Абай өлеңдерін», «Абайдың қара сөздерін»,«Абай әндерін» қазақ және ағылшын тілдерінде балалар үйінде тәрбиеленушілеріне насихаттау болды.
Белсенділігімен ерекшеленген оқушылар Филология және көптілді білім беру институты арнайы дайындаған алғыс хаттарымен марапатталып, мерекелік шара соңында тәрбиеленушілер сыйлықтар мен тәттілерге ие болды.
Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға бүгінгі қоғамның аялы алақанын, жылуын сезіндірумен қатар, балалық шақтың шаттығы мен қуанышын сезінуіне сәл де болса өз үлесімізді қоссақ дейміз.
Кәсіби бағдар беру
2018 жылдың 7 сәуір күні Филология және көптілді білім беру институтында Алматы қаласының мектептері және колледж бітірушілеріне арналған «Ашық есік күні» өтті.
Түлектерге кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасы тарапынан 5В011900 «Шетел тілі-екі шетел тілі» мамандығының: тапсыратын таңдау пәні, өткізілетін дәріс тізімі және мазмұны, сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық, әлеуметтік тәрбиелік жұмысы, келісім-шарт негізінде оқитын студенттерге университет тарапынан берілетін жеңілдік (30%,40%,50%) және дәріс жүргізетін профессор-оқытушылар құрамы туралы мәліметтер берілді. Іс-шарадағы бағдар беру барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауап берілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мереке
2017 жылдың 13 желтоқсанындаАбай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағаты кафедра оқытушылары ф.ғ.к. Бақытгүл Букабаева, PhD Шырын Әкімбекова және магистр аға оқытушы Оразгүл Исмаилованың ұйымдастыруымен, 5В011900 мамандығының 2 курс студенттерінің белсенді араласуымен өткізілді. Тәрбие сағатында студенттер ақындарымыз Мұхтар Шаханов, Қалқаман Сарин, және де Бала Жамбыл-Жамбыл Дүйсеновтің ҚР Тәуелсіздік күніне арнаған өлеңдерін оқыды, Әбиірбек Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әнін тыңдады, «Желтоқсан -1986» фильмін көріп, өз ой-тебіріністерін білдірді, және де «Тәуелсіздік» әнін хормен орындады. Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Таңат Аяпова, ф.ғ.к. Гүлнар Абдрахимова студенттерге өздерінің 1986 жылдың 16 желтоқсан туралы естеліктерін әңгімелей отрып, қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге шақырды.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Филология және көптілді білім беру» институтының Серік Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 2 қарашасы күні сағат: 14.00-де бас ғимараттың 225 кабинет коференция залында өнер әлеміндегі жарық жұлдыздардың бірі әнші, сазгер Роза Әлқожамен кездесу өтті.
2017 жылдың 15-27 мамыр аралығында Филология және Көптілді білім беру институты Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының 5В011900 - шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтарының 4-курс және 3 курс қысқартылған күндізгі бөлімінің студенттерінің дипломдық жұмыстары тыңдалды. 2017 жылдың 15.05- 01.06.2017 аралығында Филология және Көптілді білім беру институты Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының 6М011900 - шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтарының 1-курс магистранттарының диссертациялық жұмыстары бойынша курстық жұмыстары тыңдалды. 2017 жылдың 3 наурыз күні Филология және көптілді білім беру институты 5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 1 және 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Trip to Britain» атты ағылшын тілінде іс-шара өтті.
Айтылған іс-шарада студенттер ағылшын тілінде өздері оқыған шығармалары бойынша сахналық көріністер көрсетуден, Шекспирдің сонаталарын оқудан және ағылшын тілінде ән айтудан бәсекеге түсті.
Іс-шара 103-топтың студенті Қажебек Альфияның әкесімен қосылып орындаған танымал италия тіліндегі «Феличита» әнімен ашылды.
105 және 108 топ студенттерінің дайындаған «Ақша қар мен жеті гном» етрегісінен көрініс.
201 және 206 топ студенттерінің дайындаған «Өкіл әке» қойылымынан көрініс.
Кафедра 1996 жылдың қыркүйек айында университеттің Қаржы және Экономика факультетінде жаңа «Халықаралық экономика» мамандығының ашылуына байланысты құрылды. Сонымен қатар кафедраға бұрын ашылған Заң факультетіндегі «Кеден ісі» мамандығы, Физика-математика факультетіндегі «Информатика және ағылшын тілі» мамандығы, География және Экология факультетіндегі «Халықаралық туризм» мамандықтары берілді. |