қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.10.2018

ҚазҰПУ-да «COMPAS» клубы құрылды

 

2018 жылдың 28 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев бастаған 150 жуық студенттер мен студенттік клубтардың белсенділері Іле-Алатау мемлекеттік қорығына тиесілі теңіз деңгейінен 2080 метр биіктікте орналасқан Бутаковка сарқырамасына саяхаттау акциясын өткізді.

 

Акцияның мақсаты студенттік туризмді жандандыру, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы Туған жерді тану бағытын жас ұрпаққа насихаттау мен қоршаған ортаны қорғау, оның тазалығын сақтау болғандықтан, белсенді студенттердің бастамасымен құрылған «COMPAS» танымдық клубының тұсаукесерін атап өтті.

 

Университет ректоры студенттермен бейресми өткізген уақыт аралығында, студенттік туризмнің адам денсаулығына маңыздылығын, білім алуда сергектік пен ойлану қабілетін арттыратынын және табиғат аясына жиі шығып тұру, студенттік қозғалыстардың ұйытқысы болатын клуб жұмыстарының қажеттілігі жайында мазмұнды әңгімелерімен бөлісті.

 

Белсенді студенттер саяхат соңында спорттық, мәдени және интеллектуалды ойындарға қатысып, көңіл көтерді, сайыста жеңімпаз атанғандар арнайы жүлделерге ие болды. Сонымен қатар, ел болашағы жастар табиғат ортасын артық қоқыстан тазалап қайтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Рухани жаңғыру» орталығының
Жобалау кеңсесі