қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.10.2014

ASIIN сарапшыларының Абай атындағы ҚазҰПУ-ға сапары


Бакалавр және математика бойынша магистратура, сонымен қатар физика және информатика бойынша магистратураның білім бағдарламаларына аккредитация  өткізу үшін 2014 жылдың 8-9 қазан аралығында университетке ASIIN халықаралық аккредитация агенттігінің сарапшылары келді.
Сарапшы топ құрамында профессорлар Ханс-Улрих Бюллер (Фулды қолданбалы ғылымдар университеті), Андрес Гриванк және Майкл

 

Мюллер-Пройскер (Гульбольд атындағы Берлин университеті), Гельмут Рудольф (Лейпциг қолданбалы ғылымдар университеті), Андрес Швиль (Потсдам университеті), және Рита Водзински (Кассель университеті), сонымен қатар Ойскирхен  гимназиясының өкілі Александра Драйсайдлер мен ASIIN координаторы Торстена Здебель ректорат өкілдерімен, бағдарлама координаторларымен, студенттермен, профессор-оқытушылар құрамымен және қызметкерлермен кездесу өткізді.
Сарапшылар физика және математика мамандықтары бойынша педагогикалық кадрлар дайындаудың әлеуетімен танысып, ғылыми зертханалардың жұмысын көрді.
Сарапшылар толығымен аккредитациядан өтетін білім бағдарламалары мен кадр дайындау бойынша ұйымдастыру жұмыстарына оң бағасын бере отырып, білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша жеке талаптар мен ұсыныстарын білдірді.

Аккредитация бойынша шешім Аккредитациялық комиссияға сарапшылар пікірі мен ASIIN техникалық комитетінің ұсыныстарын ескере отырып енгізілетін болады.