қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.02.2023

Биология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

 

2023 жылдың 15 ақпанда сағат 15.00-де «8D05101- Биологиялық және аралас ғылымдар» мамандығы бойынша Бакиров Серік Бакирұлының философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайларына бейімделген бидайдың қатты қара күйеге (Tilletia spp.) төзімді генотиптерін идентификациялау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.

 

Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн-форматта өткізіледі.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Маденова Айгуль Калихожаевна ‒ PhD., Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Ғалымбек Қанат ‒ PhD., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Kadir Akan - Assoc. Prof. Dr., Kırşehir Ahi Evran Üniversitesi, Ziraat Fakültesi Bitki Koruma Bölümü (Kırşehir-Türkiye)

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Шалабаев Қаратай Ысқақұлы - биология ғылымдарының кандидаты, профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Рсымбетов Асхат Амангельдиевич - PhD., «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сынау орталығының басшысы (Алматы қ., Қазақстан).

 

ZOOM

https://us04web.zoom.us/j/73847428428?pwd=ZimpTUQcjBe511KEsUa8GmMx0qbVV1.1

 

ID: 823 9982 3114

 

Code: 1111

 

Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30. №1 ғимарат (4-қабат, 416 кабинет)